ҚР Президентінің баспасөз қызметі келесі облыс басшылары ауысқанын мәлімдейді.

  1. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып, Президент әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары Құмар Ақсақалов тағайындалды. Ол 2014 жылдың 27 мамырынан бастап әкім болған Ерік Сұлтановтың орнына келді.

2. Ақмола облысының әкімі болып Президент әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин тағайындалды.

Мырзалин  бұл қызметке Сергей Кулагиннің орнына келді.

3. Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев отырыс барысында мәслихат депутаттарына бағытталған, облыс әкімінің лауазымына Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының кандидатурасын ұсыну туралы мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Депутаттар бірауыздан президент ұсынған кандидатураны қолдады.

Ералы Тоғжанов бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінде болды.

Бұл қызметте бұған дейін Алик Айдарбаев болған еді

4.  Ерлан Қошановты Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындады. Ол Нұрмұхамбет Әбдібековтың орнына жайғасты.

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы Жезқазған облысындағы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған.

Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984), КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті (1991) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999) бітірген, мамандығы бойынша – инженер механик және экономист. Еңбек жолын «Жезқазғантүстіметалл» ҒӨБ байыту фабрикасының слесары, шебері (1986-1988) болып бастады. ҚЛКЖО Жезғазқан облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі (1988-1990), Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы болды (1990-1995), Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі (1999-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2001-2003), ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (2003-2006), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2006-2007), ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламент Мәжілісіндегі өкілі (2007 жылдан бастап) болды.

Сондай-ақ «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2004 жж. бастап), «Астана халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2005 жылдан). ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1995-1999) болып сайланды. Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша кандидат (07.12.2011) болды. «Нұр Отан» халықтық-демокартиялық партиясының мүшесі.


“Адырна.” кз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ