Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды Ақорда.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Нұрлан Онжанов пен Әлихан Смайылов қатысты.

Мемлекет басшысы  АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

“Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.


tengrinews.kz


 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ