• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Ел Астанасының есеп-қисабы

    Ел Астанасының есеп-қисабы

    Осыдан 20 жыл бұрын жас астананың экономикасы қандай еді? 1998 жылдың бірінші тоқсанындағы жай-күйдің статистикасына назар салсақ. Көптеген азық-түлік қымбаттап, өндіріс төмендеп, құрылыс көлемі өскен

    Азық-түлік нарығы

    Шикізат алуға айналымда қаражат құралдарының жетіспеуі, ауылшаруашылық өндірушілерінің жеткізілім санын төмендетуінен Астанада ет өнімдері (8%), өңделген балық  (40%) және ірімшік (16,7%) шығару көлемі қысқарған, ал сары май мүлде шығарылмаған. Өндіріс деңгейі көрсеткішінің нашарлауына тек қана қаражат жетіспеушілігі мен жеткізілімнің төмендеуі ғана себеп болған жоқ, осымен қатар, ұннан жасалатын өнімдерге, соның ішінде ұнға (19,1%) және жарма өнімдеріне (63,8%) сатып алушылық сұранысы төмендеді.

    1997 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда металл емес минералдық өнімдерді (4,7%) шығару саласы да аздаған құлдырауды сезінеді. Машина мен құрал-жабдықтар шығаратын өнеркәсіп әжептәуір құлдырады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінің 31,9% ғана шығарылды, ал жаңа қопсытқыш, тұқым сепкіш, малшаруашылығы мен жем-шөп өндірісінің құрал-жабдықтары құрастырылған да жоқ.

    Дегенмен де, сүт пен тәтті нан қалада болды: 1997 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда сүт өнімдерінің өндірісі 5,1 есе өсті. Сонымен қатар, кондитер бұйымдары (3,1 есе), ауылшаруашылығындағы малға арналған дайын жем-шөп (6,3 есе), ұзақ уақыт сақталатын кондитерлік өнімдер (72,3%), макарон өнімдері (23,7%) және ликер-арақ өнімдері (2,3 есе) өсті. Полиграфия өнеркәсібінің өндірісі де өскен: 1997 жылмен салыстырғанда жылдың бірінші ширегінде мерзімді басылымдардың шығарылуы 57,5% өскен.

    Инвестициялар

    Ақмоланың экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына шамамен 2517,7 млн теңге салынып, оның ішінде 1652,9 млн теңге құрылыс-жөндеу жұмыстарына бөлінген. Салыстыра қарағанда бұл сан 1997 жылдың қаңтар-наурыз айындағы сандарынан 2,2 және 5,4 есеге сәйкесінше көп. Бөлінген 2,5 млрд теңгенің ауқымды бөлігін (85,2%) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттары құрады. 1997 жылдың сәйкес кезеңіне келетін болсақ, бұнда мемлекет шығының көлемі 58,6% артқан. Инвестициялардың жартысынан астам бөлігі орталықтандырылған қаражат көздерінің есебінен қаржыландырылды (1541 млн теңге). Өнеркәсіптердің, ұйымдар мен тұрғындардың өзіндік қаражаттары 17,7% құрады.

    1-ші тоқсанда 8 нысанда жұмыс жүргізіліп, капитал салымының игерілуі 1429,4 млн теңгені құрады, оның 530,7 млн теңгесі – шетел инвестициясы.

    Үш айдың ішінде жалпы көлемі 27 мың кв. метр тұрғын үй пайдалануға берілді (283 пәтер), оның ішінде мемлекеттік секторда (22,3 мың кв. метр) және жеке құрылысшылармен (3,2 мың кв. метр) салынған. Денсаулық сақтау нысандарының құрылысына 608,9 млн. теңге бөлінген.   Құрылыс Құрылыс ұйымдарының мердігерлік жұмыстарының 89,9% тапсырыс берушімен төленген. Бұл барлық мердігерлік жұмыстардың жалпы құнынан 3224,3 млн теңге құрайды (3587,8 млн теңге). Орындалған көлемнің 43,7% мемлекеттік құрылыс кәсіпорындары, жеке кәсіпорындар – 55,2% және шетелдік кәсіпорындар – 99,2% төледі.

    Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда ұйымдар мен кәсіпорындардың өз күшімен орындалған мердігерлік жұмыстарының көлемі 6,2 есе өскен. Қаланың құрылыс нысандарында жаңа құрылыс, қайта салу, кеңейту мен техникалық қайта жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатты, ол жалпы көлемнің 95,7% құрады. Ғимараттар мен құрылыстарды түбегейлі жөндеу шығындары  жалпы көлемнің бір бөлігін (3,7%) құраса, ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығындары 0,6% құрады. Алайда, шетелдік инвестиция келуімен жекеменшіктің мемлекеттік, жеке және үлестік үлгілерінің үлес салмағы шұғыл төмендеді, 1997 жылдың қаңтар-наурызының көрсеткіштерімен салыстырғанда 77,5% дейін өсіп, шетелдік жекеменшік көлемі 2780,1 млн теңге құрады.

    Жолаушы да көп, жүк те көп

    1998 жылдың басында қала бойынша тасымалды 17 автокәсіпорын жүзеге асырған. Олардың ішінде 14 кәсіпорын жүк-жол көлігі кәсіпорны, 2 автобус паркі мен таксопарк. Қаңтар-наурыз аралығында 910 жүк көлігі, 238 автобус, 74 таксомотор, 59 троллейбус есептен шығарылған.

    Қала транспорты 711,1 мың тонна жүк тасымалдаған, бұл 1997 жылдың 1-ші тоқсан көрсеткішінің 80,9%-ын құрады.  Ақмола теміржол бөлімшесі 573 мың тонна жүк тасымалдаған. Бұл 1997 жыл көрсеткішінен 28% төмен.

    Автомобиль транспорты кәсіпорындары 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,8% (137,9 мың тонна) артық тасымалдаған. Бірінші тоқсанда 11,6 миллион адам жолаушы көлігін пайдаланған (78,6% — автобустар мен бағдарлық такси, 21,2% — троллейбус).

    Барлық көлік кәсіпорындарының жолаушы айналымы үш айда 320,3 миллион жолаушы-шақырым құрады, бұл 1997 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ға артық. Жеке сектор кәсіпорындарының жолаушы айналымы 29,3%, мемлекеттік кәсіпорындардікі 70,3% құрады.

    Экспорт-импорт

    1998 жылдың қаңтар-наурыз аралығындағы кедендік декларацияларды зерделеген кезде, көрсетілген уақытта экспорт пен импорт көлемі шамамен 73,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл соманың қомақты үлесін импорт алып тұр,  ол 88% немесе $64,9 млн құрайды. Алыс шетелден импорттың түсуі 52,5 млн құрады, оның ішінде Түркия (13 млн), АҚШ (9,9 млн), Германия (9,1 млн), Италия (6 млн), Ұлыбритания мен Чехия (1,5 миллионнан). ТМД елдерінен 12,4 млн АҚШ долларына өнім келіп түсті, оның ішінде Ресейден (9,2 млн), Украинадан (1,8 млн) және Беларусиядан (0,8 млн).

    Елге кіргізілген тауарлардың 27,5% машина, құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-жабдықтар мен түрлі аппараттарға тиесілі. Өнімнің 10,8% құрылыс материалдарына, 10,1% металлургия өнеркәсібінің өнімдеріне, 5,1% сүрек, кесілген ағаш материалдары және қағаз өнімдеріне, 4,5% химия өнеркәсібінің өнімдеріне тиесілі.

    Таяу шетелге 8,6 млн АҚШ долларына, ал әлемнің басқа елдеріне 0,2 миллион сомасына экспорттық өнім шығарылған. Пайыздық ара қатынас, сәйкесінше, 97,2% және 2,8%. Экспорттық өнімнің негізгі тұтынушылары – ТМД елдері, олардың ішінде Ресей – 5,1 млн, Қырғызстан мен Тәжікстан – 1,1 миллионнан, Өзбекстан – 1,2 млн және Беларусь – 0,07 млн АҚШ доллары.  Алыс шетел мемлекеттері ішінен Түркия маңызды орынға ие (2,5%).

    Экспорттың жалпы көлемінің ішінде астық үлесі 33,9%, машина мен құрал-жабдықтар 6,8%, қара металл – 4,9% құраса, азық-түлік тауарлары: ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдері – 33,9%, сары май – 8,6%.

    Арзан жұмыртқа

    1998 жылдың қаңтар-наурызындағы тұтыну бағасының орташа айлық өсімі 2% құрады. Азық-түлік тауарлары тобы бойынша бағаның өсуі  тұтыну бағасы индексінің қалыптасуына басты әсер етті. 1997 жылы бұл индекс негізінен ақылы қызметтер бағасының өсуіне байланысты қалыптасты.

    Жыл басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы жалпы есеппен 10% өскен. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтынушылық бағасының индексі 1998 жылдың басынан бастап 105,9%, наурызда 101 4% құрады.

    Жыл басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы жалпы есеппен 10% өсті, оның ішінде, ет пен құс 31%, сиыр еті — 44,6, шошқа еті — 27,2, шұжық өнімдері — 18,3% өсті. Шыжғырылған тоң май мен басқа да тағамдық майлар бағасы — 15,9%, шай — 10,9, қант – 72%, жеміс-жидек — 21,2%, көкөніс — 47,1% өскен. Сонымен қатар, күріш бағасы — 7,7%, жұмыртқа — 9,6%, жануар майы -6,2, өсімдік майы — 12,9% төмендеген.

    Азық-түліктік емес тауар бағасы жыл басынан бері айтарлықтай өзгермеген. Киім-кешек, аяқ киім мен мата бағасы 1% қымбаттаған, ал бензин мен фармацевтика өнімдерінің бағасы 2,2 және 7,3% сәйкесінше төмендеген.   Ақылы қызметтер смаласындағы тарифтер мен бағалар жыл басынан бастап  3% өскен. Тұрғын үй коммуналдық қызметі саласында пайдалану шығындары едәуір өскен (13,2%), электр энергиясы (10,7%) және желілік газ (10%) қымбаттаған.

    Статистикалық шолуды аяқтай келе, 1998 жылғы көрсеткіштерді қазіргі кезбен салыстырған қызықты болар еді, астананың өнеркәсіптік келбеті қаншалықты өзгерген екен?

    Мақаланы дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспа қорының материалдары пайдаланылды.


    Арман СҮЛЕЙМЕНОВ,

    e-history.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...