• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » ЭКСПО кезіндегі мәдени шараларға 9млрд тенге жұмсалатын болды

    ЭКСПО кезіндегі мәдени шараларға 9млрд тенге жұмсалатын болды

    ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясындағы мәдени-спорттық шараларды ойдағыдай өткізу үшін Қазақстан 9 млрд теңге жұмсамақшы екен . Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

    «Мәдени-спорттық шараларға 9  млрд теңге қажет. Бұл қаржының 90 пайызы қазақстандық ұжымдардың шараларына арналған. Яғни, Қазақстанның өнер ұжымдарының шығынын біз өз мойнымызға алдық»,-дейді министр. Оның айтуынша, қаржының 10 пайызы шетелдік әртістер мен ұжымдардың концерттерін ұйымдастыруға жұмсалады. Оның үстіне, бұл қаржының көбін демеушілер бөлген. «Мысалы, «Эни» компаниясы Ла Скала театрының келіп, кету шығынын өз мойнына алады»,-деп хабарлады Арыстанбек Мұхамедиұлы.


    «Адырна»

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...