• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Бүгін — Дүниежүзілік жазушылар күні

    Бүгін — Дүниежүзілік жазушылар күні

    Бұл атаулы күн 1986 жылғы қаңтардың 12-18-і аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімінен кейін белгілі болды.

    ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы — ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets — ақындар, essayists — эссешілер, novelists — новеллашылар аббревиатурасы. Бұл қысқартылған сөз ағылшын тілінен аударғанда pen — қалам сөзімен сәйкес келеді.

    Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті — Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.

    ПЕН-клуб — халықаралық жазушылар бірлестігі, оның Хартиясында «әр елдің ішіндегі және барлық елдер арасындағы ақпарат бостандығы принциптерін қорғауға жақтасу» деп көрсетілген.

    Қазақстанда 800-ден астам отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым — Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.

    Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлық жазушылар қауымдастығы құрылды, ол 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.

    Бұл ұйымды 80 жыл бойы Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоғжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Дихан Әбілев, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шәріпов, Әнуар Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбай сынды марқасқалар басқарды. Қазіргі таңда Нұрлан Оразалин төрағалық етеді.

    Жазушылар одағының құрамында — қазақ, орыс, ұйғыр, немiс және кәрiс әдебиетінің шығармашылық секциялары, Қарағандыда, Семейде, Оралда, Астанада, Шымкенте 5 облысаралық бөлiмшелері бар.


    «Адырна» кз

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...