• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстандық аккумулиятор Африкада нарығында

    Қазақстандық аккумулиятор Африкада нарығында

    Талдықорғанда шығарылатын аккумулятор батареялары Африкаға да жетті.

    Қазақстанда өндірілген тауар бір айдан бері Бенин Республикасындағы серіктес компания арқылы сол елдегі дүкендерде сатылып жатыр.

    Африкалықтар Жетісу жерінде жасалған батареялардың сапасын жоғары бағалайды. Енді отандық өндірушілер – артылған сенімді абыроймен ақтап, Африка нарығына мықтап орнығуды көздейді.

    Қазақстандық аккумулятор батареялары бүгінде ТМД елдері мен Қытай және Ауғанстанға экспортталады. Өнім халықаралық сапа стандарттарына сай. Сондықтан жыл сайын кәсіпорынның өндірістік қуаты еселеп артып келеді.

    Өткен жылы 1,8 млн дана аккумулятор шығарса, биыл бұл көлемді 3 млн данаға дейін ұлғайтпақ.

    Жақсылық Сипағатов, Аккумулятор зауытының бөлім жетекшісі:

    — Себебі тұтынушыларымыздың саны артып, сыртқы нарықтың георафиялық ауқымы ұлғайған үстіне ұлғайып келеді. Біз Африкаға алғашқыда 5 мың дана аккумулятор жөнелткен едік. Ол тез сатылып кетіпті. Енді көбірек етіп жібермекшіміз. Осылайша алыс елмен арадағы алыс-берісті нығайтып жатқан жайымыз бар. Бұл екі жаққа да тиімді болады деп ойлаймын.


    24.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...