• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » «Қазақстан» РТРК төрағасы болып Ерлан Қарин тағайындалды

    «Қазақстан» РТРК төрағасы болып Ерлан Қарин тағайындалды

    Мемлекет және қоғам қайраткері, Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Saigez.kz хабарлады. 

    Бұл Телерадиокорпорация және оның құрамына кіретін ақпараттық агенттіктер мемлекеттік саясатты құрайды әрі мемлекеттік саясатты насихаттайды. «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорация құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» телеарнасы, «Балапан» телеарнасы, «Мәдениет» телеарнасы, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосын және де аймақтық телерадиокомпаниялар кіреді. Ол Қазақстандағы және аймақтағы ең ірі Телерадиокорпорация болып табылады.

     

    Ерлан Қарин 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған.

    Саясаттану ғылымдарыныңкандидаты.

    — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім; (1996-1998)

    — Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары;(1998-2000)

    -Орталық Азия саяси зерртеулер агенттігінің директоры; (2000-2003)

    -Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі; (2004-2006)

    -Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; (2008 ақпан-қараша)

    -Нұр-Отан партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы; (2008-2014 )

    -2014 жылдан бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарып келеді.


    «Адырна» кз

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...