• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Қатерлі ісік жыл санап жасарып келеді

    Қатерлі ісік жыл санап жасарып келеді

    Әлемде жыл сайын 10 млнға жуық  адам осы дертке шалдығатыны анықталса, соның 8 млндайы дертіне дауа таба алмай өмірімен қоштасады.  Ал еліміз бойынша  жыл сайын 20 мыңға жуық жан осы дертпен ажал құшады екен.  Жүрек қан тамыр ауыруларымен жарқаттану жағдайынан кейінгі адамдар көп өлетін, үшінші орындағы қатерлі дертпен ауыратындар арасында жастардың көптеп бой көрсете бастауы әлемді алаңдатып отыр. Ауруға бұрындары имунитеті нашар кәрі адамдар шалдықса бүгінде, жас талғамайтын болды, тіпті ана құрсағында жатып ақ осы дертке шалдығуы мүмкін.  Бұл дерттің әзірге емі табыла қойған жоқ, «мен», деген ақшасы бар бай бақуатты жандардың да осы дерттен көз жұмуы осыған дәлел. Мәселен өткен жылы Жапонияда Nintendo компаниясының президенті Сатору Ивата 55 жасында көз жұмса, Ресейдің танымал әншісі Жанна Фрискенің де ажалы осы дерттен болды, Қазақстандық тележүргізуші Азамат Қалымбетов, Асылхан Төлеп сынды азаматтарды да арамыздан ерте жұлып әкетті.

    Қатерлі ісік  тіндердің айналасына  өсіп, олардың қызметін бұзып ісіктердің жайылуы. Емі жоқ аурудың алғашқы сатысы мүлде білінбейді. Аурудың жаңа сатысы «рак инцито» деп аталады ол бірінші сатыға жетпейді. Бірінші сатысында рак кілегей қабықта ғана болады. Екінші сатысында ол үлкейіп, келесі қабатқа жеткенін сипаттайды. Үшінші, төртіншісінде ауру түйін салып, дамып,қан арқылы бүкіл денеге тараған кезі. Кейбір имунитеті мықты адамдарда бұл процес баяу, бірнеше жылдап жүруі мүмкін. Бірақ имунитеті мықты адамдар «өздігімен жазылып кетеді»-, деген сөз емес, ауру белгілі болысымен емделу қажет.Қатерлі ісіктің қауіптілігі алғашқы кезеңінде ауырып білінбейтігінде, ал білінген кезінде басқа мүшелерге қан арқылы тез тарап кететіндігінде. Дәрігерлер қазірде біріншісімен екіншісіне дауа тапқанынмен үшіншісімен төртіншісіне қауқарсыздық танытып отыр, сондықтан жылына бір рет толық медициналық тексерістен, скринингтік бақылаудан өткені дұрыс, бұл ауырудың алдын алуда өте қажет ақ, алайда  іс жүзінде онкололгиялық ауруларға тіркелетін аурулардың көпшілігі емге келмейтін кезде, әбден асқындырып келеді.-дейді мамандар.

    Көп тараған түрлері; сүт безі ісігі 11,60%, өкпе 11,40%, тері10,70%, асқазан8,80%, жатыр4,80%, өңеш4,40%, гемобластоз4,40%, тоқішекпен тікішек%4,40ке жеткен. Әр ауыру әр түрлі бағытта белгі береді. Мысалы асқазан ішекте  қатерлі ісік пайда  болса, қан адамның нәжісімен сыртқа шығады. Ісік өкпеде пайда болуы, кеңірдектен қанды қақырық түсіреді. Несеп жолдарының қатерлі ісігі несепті жүргізбейді. Сүт безінің ісігі, омырауда ауырсынумен қатар емшек ұшынан сарғыш сұйықтық қоюланып, қанға айналуы –қатерлі ісіктің бастамасы болып есептеледі.

    Емдеу ісінде үш бағыт бар, біріншісі ота (хирургиялық әдіс), ауру ошағын толық жойып алып тастау.  Екіншісі радиоактивті заттардың саулесімен емделу, үшіншісі химия терапия. Бүгінде дүниежүзінде қолданатын әдістердің 90 пайзын Қазақстандық медицинада қолданылады. Маман тапшылығы осыдан он- он бес жыл бұрын сезілетін, қазірде алыс –жақын шетелдерге тәжрибиесін ұштап келген білікті  дәрігерлер көбейіп келеді. Маман тапшылығы тек алыс елді мекендерден ғана сезіліп келеді.  Басқа салаға қарағанда қатерлі ісікті емдеуге қаражат көп кетеді. Мемлекет тарапынан жылда қыруар қаржыны осы дертке бөледі, осыған қарамастан ауру азаймай отыр. Әсересе ауыл аймақтағы адамдар ауруын асқындырып, не білікті маман тапшылығынан ауру дер кезінде анықталмай, қапы қалып жатады. Ешқашан маманның көмегінсіз былай емделеді екен деген дақпырт сөзге сенудің қажеті жоқ. Нақты тексеру нәтижесінен кейін ғана емдеу қолға алынатын болғандықтан өз бетінше емделу кейде аурудың асқынуына әкеліп соғуы да мүмкін.

    Қатерлі ісікке алып келетін жағдайды мынадай деп айтуға келмейді. Бұл дерттің біздің заманымызға дейін болғандығын Үндістан, Қытай дәрігерлерінің ежелгі,  тарихи жазбаларынан кездестіруге болады. Аурудың негізгі факторы деп мезгілінде емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай жүрген жараларды айтуға болады. Қуырылған, майлы ащы-тұзды тамақтармен кофе, қолқаны күйдірер тым ыстық тағамдар өз кезегінде өңешпен асқазанның қатерлі ісігіне алып келеді. Темекі шегіп, наша пайдалану, ішімдікке салыну өкпе қатерлі ісігіне жылдам апаратын фактор болып саналса, әйелдер арасында кеңінен таралған сүт безі ісігінің негізігі себебін тап басып айту қиын,  тұқым қуалаушылық, 30 жастан асқанан кейінгі алғашқы баланы дүниеге әкелу, баланың салмағы үлкен болып дүниеге келуі,  аборт жасату, бала емізумен климакс басталғанда, ішкі секреция қызметінің бұзылуы, бауыр, жүрек-қантамыр, қант диабеті, тым семіріп кету тб себептер бар, бұл аталған жағдайлар, жатыр ісігінің де тездеп дамуына күш салады.  Өкпе обырынан кейінгі екінші орынды иеленіп тұрған тері обыры экологиялық нашар аймақтармен, химия -өндіріс саласындағы, теңізде жұмыс істейтін адамдармен, ыстық күн астында ұзақ жүруге мәжбүр адамдар арасында кеңінен таралған. Күнге күюуге қауқарсыз ақ нәсілділер осы дертке жиі шалдығады екен.

    Адам өлімінің 13 пайызы осы дерттің еншсінде, мамандардың пайымдауынша бұл көрсеткіш алдағы уақытта 1,5-2 есеге өсуі мүмкін.  Дертті емдейді деген неше түрлі дәрілер жыл сайын шығып жатыр бірақ ол үшінші-төртінші сатысына түскен дертті 100 пайыз емдей алмайды.  Қатерлі ісік кешенді емделуді қажет етеді, олар ота, химиялық тәсіл, сәулені қолдану, сондай ақ білікті маманға уақыт өткізбей қаралу,- дейді онколог мамандар.

     Бір тағдыр.. Жасы қырықтарға келген азамат бізді ертіп үйіне әкелді. Үшінші қабаттағы қоңыр есіктен кіріп, жуынатын бөлмеге жапсарлас жабық есікті ашып қалғанда өткір дәрімен, сасық иістенген дененің қолқаны қабар исі мүңк ете түсті. Төсек үстінде басына ақ орамалды тұмшалап таққан жүдеу өңді келіншек кітәп оқып отыр екен. Біз кіргенде кітәбін былай ысырып, бізге телміріп қарай қалды.   Бізді қысқаша таныстырған жұбайы қалінің қандай екендігін сұрап жатыр.

          Анар жасы отыз сегізге енді келді, төрт баланың анасы.  22 жасында  тұрмысқа шығып үйлі баранды болады.  Дүниеге бірінен кейін бірі екі баласын дүниеге әкеледі. Үшінші баласын босанар кезінде жатырын суықтатып алған,  емделемін деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетеді. Кейін төртіншісіне аяғы ауырлаған соң емделу мүлде естен шығады.  Ауруды уақытша тоқтатын дәрілермен екі жылды артқа тастағанда жағдайы күрт нашарлап кеткен.  Ота жасалып жатырын алып тастағанымен жағдайы оңала қоймайды,  түйіндер қан арқылы тарап кейбір мүшелерге тарап кеткен. «Дәрігерлер үш ай өмірі қалды деген еді, бірақ өзіне әлі айтқан жоқпын қайта жазылуға мүмкіндігің бар деп сендіріп жүрмін» деген еді отағасы.  Анардың аңқауда риясыз жүзінде өмірге деген құлшыныс күшті.  «Серік жоғарғы сыныпқа өтті ғой, соның мектеп бітіру кешіне дейін аяқтан тұрсам екен, әрбір аналар сияқты баласының ержеткенін көру бақыт қой»,  жүзі бал-бұл жанып бізге айтқаны осы болды.  «Екі қызыма да дәмді тағам даярлауды үйретемін әлі ақ»,  арманы таусылмаған ананың жүзіне қараудың өзі аянышты еді. Суреттегі топ-томпақ келіншек осы десең сенгің келмейді.  Арық ашаң жүзді келіншекке бізде жамыраса әлі ақ жазылып кететіндігін айтып қолдау білдірген болдық. Аз ғана айдан кейін мына қара көздердің мәңгіге жұмылып, қара жердің қойнауына кеттетіндігін іштей сезіп мүжіліп отырдым, әрбірден кейін медбикеге еріп ауыр сәтке куә болғаным үшін өзімді жазғырып үнсіз отырып қалған екенмін. «Өзімнің жазылмайтындығымды білемін, тек ұлым ҰБТден өткенше шыдасам болды». Жалт қарадым көздеріне дөңгелеп ірі тамшылар келіп қалыпты, бұлдырлап кеткен көзімді асығыс сүртіп жан-жағыма қарасам отағасымен медбике әлденені талқылауға басқа бөлмеге шығып кеткен екен.  Соңғы рет көріп тұрған келіншекпен асығыс қоштасып келесі бөлмеге шықтым. Әлдене емнің жайын қызу талқыға салып тұрған екеуге, үлкені он алты жастағы, кішісі үш жарым жасар кішкентай төрт бала үлкен үмітпен телміре қарап калған екен.


    Аида ҚОЖМАМБЕТОВА   

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Абаев: 2020 жылы Назарбаевтың сайлауға түсуінен Қазақстан ұтылмайды

    Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанда 2020 жылы өтетін президенттік сайлау туралы өз ойын ...