• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Қасымжомарт ТОҚАЕВ: 2020 жылы НАЗАРБАЕВ президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін

    Қасымжомарт ТОҚАЕВ: 2020 жылы НАЗАРБАЕВ президенттік сайлауға түсетініне сенбеймін

    Конституцияға сәйкес, Қазақстанның тұңғыш  басшысы бұл лауазымға өмірінің соңына дейін сайлауға түсе алады

    АСТАНА, 21 маусым  Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтуі тиіс кезекті президент сайлауына түспейді деп есептейді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

     

    «Ашығын айтайын, мен президент Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін. Өйткені ол ақылды адам, өте парасатты. 2020 жылы бізде президент сайлауы Назарбаевтан басқа кандидаттармен өтеді деп ойлаймын», — деді Тоқаев Би-би-сидегі Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында.

    Сонымен қатар сенат спикері бұл өзінің «жеке пікірі» екенін атап өтті.

    «Әрине, сайлауға бара ма, жоқ па, бұл президент Назарбаевтың өзіне байланысты нәрсе. Алайда ол сайлауға түсетініне сенбейтінімді ашық айтуға тиіспін», —  деп мәлімдеді Тоқаев.

    «Егер президент Назарбаев тіпті ел президенті болмаса да, ішкі және сыртқы саясатқа зор ықпал ететін болады», — деп түйіндеді сенат басшысы.

    Естеріңізде болса  2015 жылдың 26 сәуірінде өткен соңғы кезектен тыс президенттік сайлауда мемлекет басшысы сайлаушылардың 98% дауысын иеленіп, бесінші рет жеңіске жетті. Оның өкілеттігі 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Коституцияға сәйкес, Назарбаев  Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде бұл лауазымға өмір бойы сайлауға түсе алады.  Және президент болып сайланбаған күннің өзінде Конституциялық кеңестің өмір бойғы  мүшесі болады.


    Аида ҚОЖМАМБЕТОВА 

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...