«Алатау» дәстүрлі өнер театрында алғаш рет қазақ ертегілері кейіпкерлерінің қатысуымен өтетін «Асан мен Үсен жаңа жыл мерекесінде» атты ертеңгілік ойын-сауық

Өтетін күні мен орны: 2017 жылғы 25–30 желтоқсан және 2018 жылғы 3–9 қаңтар аралығы. Басталуы: сағат 11:00 және 14:00 де, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы.

Мерекелік шараның мақсаты – «Алатау» дәстүрлі өнер театры «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында, рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мен қазақ салт-дәстүрлерін насихаттау.

Мерекелік кештің ерекшелігі – Жаңа жылдық шырша «Асан мен Үсен жаңа жыл мерекесінде» атты тақырыппен алғаш рет қазақ ертегілері кейіпкерлерінің (Аяз Ата, Қар қызы, Асан, Үсен, Таусоғар, Саққұлақ, Желаяқ, Мыстан, Әтеш пен Ит) қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

Балаларға арналған ертеңгіліктің алғашқы күні – 25 желтоқсан ұлтымыздың ежелгі дәстүрінде бар сүйіспеншілік пен ізгілік аясында, ата-ананың қамқорлығына зәру балалардың жүрегіне қуаныш сыйлау мақсатында әлеуметтік қолдауға зәру бүлдіршіндер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық түрінде өткізіледі.

Жаңа жылдық шараның қалған күндері қалыпты жағдайда, Алматы қаласының барлық бүлдіршіндері мен жалпы білім беру мекемелері, балабақша жеткіншектеріне арналған ертеңгілік ойын-сауық түрінде ұйымдастырылады.

Ойын-сауық бағдарламасында ертегі кейіпкерлерінің жаңа жылдық хикаялары, қызықты ойын түрлері, ән-би, сыйлықтар, Аяз Атаның балаларға арналған мультипликациялық қойылымы көрсетіледі. Балаларға арналған ертеңгіліктің ойын-сауық бағдарламасында ертегі кейіпкерлерінің жаңа жылдық хикаялары, қызықты ойын түрлері, ән-би, сыйлықтар, Аяз Атаның балаларға арналған мультипликациялық қойылымы көрсетілетін болады.


Мекен-жайы: Алматы қ., «Алғабас – 1» ықшам ауданы, 6 үй

Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77, 8701-645-91-86

Е-mail: alatau_ pr@mail.ru, Гүлмира, PR менеджер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ