• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » «Аралап қобыз үні кең әлемді…»

    «Аралап қобыз үні кең әлемді…»

    Жуырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры концерттік залында Түркі әлемінің орындаушыларының қатысуымен, халықаралық конкурстардың лауреаты қобызшы Ақерке Тәжібаеваның «Аралап қобыз үні кең әлемді…» атты аспаптық музыка кеші өтті.

    Көне қобыз – талай ғасырлар бойы қазақтың күй өнерін санасында сақтап, насихаттап келе жатқан аспап. Тіпті бұл аспапты –бүкіл музыкалық аспаптардың атасы деген пікірқалыптасқан. Орта Азия түркі тілдес халықтарының аспаптық музыка тарихында бірнеше ғасырлық ғұмыры бар типологиялық туыстық аспаптар кездеседі. Халық өзінің тарихи қалыптасу кезеңдерін музыкалық өнерде нақтылы айтқанда, қобыз сарынында қалдыра білген. Соның арқасында күй шежіресі көне аспап арқылы баяндалып, келер ұрпаққа жеткізілді. Концерттің басты мақсаты — халқымыздың рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптардың қадір қасиетін сақтап, келер ұрпақтың рухани игілігіне айналдыру, шетелден келген өнер шеберлеріне қазақтың халық музыкасын, ұлттық аспабын таныту, өскелең жас ұрпаққа ұлттық музыкамен аспаптық музыканы жан жақты насихаттау еді. Концертте: түркі әлемінде қобыз асапабына ұқсас туыстық аспаптарда орындайтын Гюрдал Ирфан (Түркия), Мусаев Шехрияр (Әзербайжан), Бердикулова Айнур (Қырғызстан), Кривошапкина Юлиана (Якутия), Уранчимег Одонтунгалаг (Моңғолия) елдерінің өнер майталмандары, сонымен қатар Alla Bravo ішекті асаптар квартеті, «Аrt family house» музыкалық тобы, «Асылым» би тобы, «Crystal» шоу-балеті өнер көрсетті. Халықтың ыстық ықыласына бөленеген шетел өнерпаздары өз елдеріне концерттен естелік ретінде берілген «Аралап қобыз үні кең әлемді…» деген концерттің атауы жазылған Жұлдызды статуэткаларын алып кетті. Концертке жиналған қауым, залға сымай, көбісі кештің соңына дейін тұрып тұрды…

     

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...