• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Қарағанды Сағынтаевты күтуге айрықша дайындалып жатыр

    Қарағанды Сағынтаевты күтуге айрықша дайындалып жатыр

    Қарағанды облысының атқамінерлері Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың сапарына қызу дайындалды. Қаланың жаманын жасырып, жақсысын асырғысы келді ме, әйтеуір шенеуніктерді толассыз жауған жаңбырдың өзі тоқтата алмады.

    Соңғы бір тәулікте осындай бейнежазбалар ғаламтор желісінде қаптап кеткен. Премьер-министрдің Жезқазған қаласына баратыны белгілі болған соң жергілікті коммуналдық қызметкерлер аяқтарынан тік тұрды. Тіпті, өңі кеткен темір қоршауларды түн ортасында сырлау үшін жұмысшыларға жаңбыр да кедергі емес. Облыс орталығын ретке келтіреміз деп қарағандылық шенеуніктер де шыр-пыр. Қарағанды қаласында бір түннің ішінде жолақтар сызылып, жолдар айнадай жарқырап шыға келген. Әсіресе, қаланы көркейту жұмыстары Бақытжан Сағынтаевтың қозғалыс бағыты бойынша қызу жүріп жатты. Ал жол сақшылары орталық көшелерде әр метр жерде қоғамдық тәртіпті бақылап тұр.

    _________________________________________________________________________________________________________________________________

    31.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...