Қанат Ислам АҚШ жерінде өзінің кәсіпқой бокстағы кезекті кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Негізі жекпе-жек 10 раудтқа жоспарланған. Бірақ отандасымыз бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта сұлатын салды. Бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 23 жеңісі.

Қанат Ислам,  бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдарының чемпионы:

-Бірінші раунд барысында  жарақат алып қалдым. Сондықтан да жекпе-жекті ұзаққа созбау керек болды. Шабуылға шығып, бірінші раундта қарсыласымды жеңдім. Маған қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Алда Қазақстан боксы үшін үлкен оқиға болады. Осы жазда Астанада ЕХРО кезінде үлкен бокс кеші өтеді. Сол кеште шаршы алаңда өнер көрсетемін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ