• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Жаңалықтар » Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты

    Алматы облысында 8 жасар баланы азаптап өлтірді делінген келіншекке үкім шықты

    Сот тәрбиешіні кінәлі деп тауып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Одан қалды, Мейіргүл Жалымова жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Жалғыз ұлының өлімі үшін анасы одан 30 миллион теңге талап еткенін айта кетейік. Алайда, судья кәмелетке толмаған үш қызының барын ескеріп, соманы он есеге қысқартып тастады. Десе де, атышулы іс мұнымен аяқталмайын деп тұр. Өйткені, сотталушының туыстары интернаттағылардың өздеріне ақша ұсынғанын айтты деп хабарлайды КТК арнасынан. Естеріңізде болса Талғар қаласындағы мүгедек балаларға арналған интернатта  түнгі кезекке қалған күтуші жылап қоймаған сегіз жасар баланы төсегінде тұншықтырып, артынша жуынатын бөлмеге сүйреп апарып буындырып өлтірген еді. Баланы буындырып өлтірді деген күтуші 30 жаста, үш баланың анасы.


    Аида ҚОЖМАМБЕТ 

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Алматы циркінде – «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...