• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Жаңалықтар » Алмас қылыш көрерменге жол тартты

    Алмас қылыш көрерменге жол тартты

    Алматыда «Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті.  

    Ілияс Есенберлин жазған «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы кітабының желісі бойынша түсірілген фильм, Қазақ хандығының құрылу оқиғасын баяндайды. Орда Еженнің ұрпақтары – Керей мен Жәнібек  көшпенді халықты аяусыз қинаған Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, Жетісу жеріне қоныстанады. Қазақтың игі жақсылары құрылтай өткізіп, Керейді хан сайлайды.

    kerey-han-1

    Фильм көрсетілместен бұрын түсірушілер мен актерлер құрамы журналистермен  көпшілік қауымға арнап баспасөз мәселихатын өткізді. Онда сөз алғандар барша отандастарымызды киноның жарыққа шығуымен құттықтап, елге беретін өнегесін айтып жатты. Мысалы, белгілі әнші Бекболат Тілеуханов: «Қазіргі заманда көпшілік қауымның танымы кітап оқығаннан гөрі көзбен көріп қабылдайтын дәрежеде болғаннан кейін, осы киноның маңызы жоғары деп ойлаймын, оның үстіне осы шаруаға кәсіби шыңдалған Рүстемнің кірісуі өте бір қолайына келген шаруа болды. Осы фильмді түсіруге қалыптасып барып келді. Сондықтанда көп нәрсені түсіндіргеннен гөрі көзбен көрген сіңімді болады. Шалкиіз  айтпақшы:

    «Ала балта суырысып,

    Тепсінісіп келгенде

    Тең атаның ұлы едің,

    Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті!» деп ауқымды сөз айтып сөзімізді құртқанменен адамның сезінуі мүлде бөлек. Осындай кино 25 жылдыққа тарту болып отыр. Рүстемге, осыны ұйымдастырған барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Елдігіміз жасай берсін!» — деп сөзін түйіндеді.

    Фильмге 500-ден астам адам жұмылдырылған, олардың 200-ге жуығы түсірілім тобының мүшелері.

    dsc_1220

     

    Фильмнен актерлердің кейіпкерлерінің түр-тұлғасымен дене бітіміне сай  іріктелгендігін анық байқауға. Керей, Жәнібек, Қобыландылардың қай-қайсысын алып қарасаң да көзің тояттайды.

    almas-yilyish-1

    dsc_1537

    Тағы бір айта кетерлік жайт, Керей мен Жәнібекті қолдап, артына ерген қазақ руларының Жетісуға бет алған көшінің көрінісі, осыған дейінгі тарихи киноларымызда  кездескен емес.

    k-sh-k-rinisi-1

    «Алмас қылыш» фильмі 2017 жылдың қаңтарынан бастап жалпыұлттық прокатқа шығарылады.

    Қоюшы-режиссері: Рүстем Әбдірәшев

    Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Әбдірәшов

    Басты рөлдерде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Әбілмәжин, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іңкәр Әбдірәш, Дінмұхаммет Ақымов және басқалар.

     

    Былтырғы жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театры дәл осы «Алмас қылыш» романының желісімен сахналанған қойылымын ел назарына ұсынғаны белгілі. Енді міне, сол «Алмас қылыш» кино әлеміне де жол тартты. Өнер әлеміндегі қазынамыз көбейе бергей.


    Жасұлан Наурызәлі

     

     

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Алматы циркінде — «Азия жаңғырығы»

    Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестиваліне қатысушылар Алматыда мерекелік қойылым ...