Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбеде хиджаб мәселесі күннен күнге ушығып барады

Ақтөбеде хиджаб мәселесі күннен күнге ушығып барады

Ақтөбеде хиджаб мәселесі күннен күнге ушығып барады. Екі жақты бір мәмілеге келтіре алмаған орамал дауы ақыры текетіреске әкелді. Ортақ заңға бағынғысы келмейтін діншілдердің  қарсылығы үдегені сонша, тіпті, ата-аналар ұстаздармен төбелесуге  дейін барып жатыр.  Тіпті кейбір наразылық танытушылардың мектеп алдына барып, көпшілік көзінше намаз оқығандарды да елді шошытқан еді. Мұңсыз әрі үнсіз отыратын билік өкілдері хиджаб мәселесіне енді алаңдай бастаған сияқты. Тіпті қазір облыстағы кейбір мектептерді полицейлер күзететін жағдайға жеттік.

Әлеуметтік желіге лезде тараған мына бейнежазба Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде бүгін таңертең болған жағдай. Басындағы орамалы үшін мектепке кіргізілмеген оқушының ата-анасы өз баласына білім беретін ұстазға күш көрсетіп жатыр.

ЕЛЕНА САҚАТОВА, тұрғын:

— Ол біздің шариғаттан келген, Құранда жазылған балиғатқа толған қыздарыңды кидіріңдер, орындаңдар деген. Ол ол кезде лицемерство болады. Біресе тағады, біресе тақпайды. Уже баланың да тәрбиесі бұзылады ғой.

Ал мынау түскі ауысымдағы басқа мектептегі  жағдай. Бұл мектеп те орамалмен келген оқушыларды ішке кіргізбей кері қайтарып жатыр.  Оқушылардың айтуынша, үшінші тоқсан басталғалы, яғни қаңтардың 8-нен бері сабаққа қатыспаған. Ал мектеп басшылығы болса, талап пен тәртіп барлық оқушыға бірдей дейді. Айтуынша, мектепке орамал тағып келетін 19 оқушының әзірге ешқайсысының ата-анасы мектептің бірыңғай киім формасына бағынғылары келмеген.

СӘУЛЕ БАЙМАҒАНБЕТОВА, Ақтөбе қаласы №31 қазақ орта мектебінің директоры:

— Қазіргі таңда біз есікті ашып қойып отырмыз. Оқушыларды кіргізуге рұқсат. Бірақ мектеп формасы бойынша орамалдарын шешіп келу керек. Бұны ата-аналар орындағысы келмейді. Бірақ заң жүзінде бәрі жазылған. Біз тек талапты орындап отырғандармыз.


31 арнаның «Инфорбюро» бағдарламасы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

x

Check Also

Елбасы Жарлығымен Ұлттық домбыра күні белгіленді

Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан ...