• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Uncategorized » Зәмзәгүл Шәріпқызы соңғы рет сахнаға шықты

    Зәмзәгүл Шәріпқызы соңғы рет сахнаға шықты

    Бала кезімде әкем ғалым Әсілхан Оспанұлы екеуіміз Шымкенттегі театрға барып «Көктөбедегі кездесу» қойылымын тамашаладық. Алматының Мұхтар Әуезұлы атындағы театрының атақты артистерін көру мен үшін бір керемет оқиға болды.

    Сонда мұғалім кейіпкерді ойнап жатқан Әнуар Молдабек, мұғалима кейіпкерді ойнаған Зәмзәгүлге өзінің жас кезіндегі сырын айтады: Сен әдемі едің, қасыңда көп жігіттер бар. Мен сонда саған бір стақан лимонад алып бермек болдым. Бірақ бата алмадым, дедйді.

    Есімде қалғаны, бұл ауаданда ма, қалада ма болған бір жиылыста болған екен. Сонда Зәмзәгүл: Неге жақындамадың, неге бір лимонад әпермедің, деп өзінің сол кезде Әнуар мұғалімді ұнататынын жайып салады.

    Содан соң сахнаның шетіне келіп, көрермендерге қараg екі қолын жайып: Бір-ақ стақан лимонад, бір-ақ стақан лимонад… деп өкіне айтқанда театрда отырған көрерменнің бәрі бірдей Зәмзәгүлмен бірге өкінгендей еді…

    Сондағы тау жарылғандай қол шапалақтаулар әлі құлағымнан кетпейді.

    Бүгін Мұхтар Әуезұлы атындағы театрда Зәмзәгүл Шәріп соңғы рет сахнаға шықты…

    Ұлы өнер иесін бақилық сапарға шығарып салуға келген адамдардың бәрінін жүзінде үлкен қимастық белгісі тұрды. Табиғат та қайғыдан булығып көзінен жас тамшылап тұрды…

    Өмірбаяны

    Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова (1931 жылы 31 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданында туған) — көрнекті театр актрисасы. Қазақ КСРнің xалық артисі (1966). Отан, Құрмет белгісі және Халықтар достығы ордендерінің иегері. ҚР мемлекеттік степендиясының лауреаты.1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап «Қазақфильм« студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет ететін, актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдады.

    Театрде ойнаған рольдері

    Қазақ мемлекеттік академия драма театрыда алғаш ойнаған рөлдерінің бірі — Ә.Әбішевтің “Кім менің әкем?” атты драмасындағы Лағыл (1957). Бұдан кейін Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Ақан Сері — Ақтоқты”), Айман (М.Әуезов, «Айман — Шолпан«), Айжан (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов«), Дездемона ([[Шекспир|У.Шекспир, «Отелло») сияқты арулар бейнесін жасап, лирикалық сезім-бояуы мол актриса екенін танытты. Әсіресе, Шәріпованың шығармалық өнер ғұмырнамасында Қарагөз (Әуезов, “Қарагөз”) рөлі үлкен орын алады. Бұл рөлі арқылы актриса жас ару Қарагөздің борыш пен сезім арасындағы аласұрған жан қайғысы мен трагедиялық тағдырын психологиялық-эмоциялық тұрғыдан зор шеберлікпен ашып, ұмытылмас толыққанды сахналық бейне жасады. Шәріпова драмалық, өткір мінезді, комедиялық рөлдерде де ойнап, өзінің сан қырлы сахна суреткері екенін байқатты: Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболев, «Абай«), Дәмеш (Ә.Тәжібаев, «Көңілдестер»; Ш.Хұсайынов, «Қилы-қилы тағдырлар»), Нұрсұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, «Беу қыздар-ай» мен «Ой, жігіттер-ой»), Пүліш (Б.Майлин, “Майдан”), Ажар, Валентина Николаевна (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” және “Кемеңгерлер мен көлеңкелер”), Айша (Т.Ахтанов, “Сәуле”), Назгүл, Гүлзар, Фариза (Әбішев, “Күншілдік”, “Белгісіз батыр” мен “Кәусар”), Бикеш (Қ.Мұқашев, “Парторг”), Айнаш (Ш.Құмарова, “Кімнің тойы?”), т.б. Ш. әрбір рөлімен өзіне тән әдемі де әрлі, баурап алар тартымды, ашық та айқын дикциясы, әсерлі де әуезді әншілік пен эмоц. тебіреніске толы дауыс үні мен пластик. қимыл-әрекеті арқылы көркем сахналық бейнелерді шынайы кескіндеді. ТМД және шет ел драматургиясының туындылары бойынша қойылған спектакльдерде де ерекше көзге түсті: Саттыхан, Бахри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”), Үкібала (Ш.Айтматов, “Ғасырдан да ұзақ күн”), Эллен (И.П. Куприянов, “Вьетнам жұлдызы”), Каплан (А.Я. Каплер, “Ленин 1918 жылы”), Ганна (А.А. Дударев, “Кеш”), Елена (А.М. Горький, “Күннен туғандар”), Анита (В. Дельмар, “Өкінішті өмір”), Әкім әйел (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), т.б. Кезінде ол көптеген дубляжға және радиоқойылымдарға қатысып, көркем сөз оқумен де (Әуезов, Мүсірепов, С.Сейфуллин, т.б. жазушылардың шығармалары) шұғылданды.

    Кино рөлдері

    Нұржамал (“Өжет қыз”, 1955), Дина (“Біз осында тұрамыз”, 1957), Хадиша (“Өмір жолы”, 1961), Прокурор (“Шыңдағы шынар”, 1965), Қарлығаш (“Абай” телефильмі, 1976), Бәлзия (“Заман-ай”, 1997), т.б. 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

    Марапаттары

    • 1959 жылы «Қазақ ССРның еңбек сіңірген артисі»
    • 1966 жылы «Қазақ ССРның Халық артисі» құрметті атақтары берілді.
    • 1959 жылы «Құрмет белгісі» ордені
    • 1981 жылы «Халықтар достығы» ордені
    • 2005 жылы ҚР тұңғыш президентінің жарлығы бойынша ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған.
    • Бірнеше дүркін Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің «Құрмет» грамоталары мен марапатталған.
    • Көптеген медальдардың иегері.
    • 2016 жылы ҚР тұңғыш президенті — Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
    • Ресми деректер ғаламтордағы Википедиядан алынды.
    • Бердалы ОСПАН,
    • «АДЫРНА» ұлттық порталы

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

    Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп ...