• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Uncategorized » ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. Ұлағатты ойлар

    ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. Ұлағатты ойлар

    Құр білген керек емес – білгенді іс қылған керек.

    * * *

    Білімнің мақсаты – ар ілімін игеру.

    * * *

    Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,
    Дүние – алдамшы, өмір – қу деп елірме.
    Қамдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе,
    Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

    * * *

    Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.

    * * *

    Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.

    * * *

     Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос – өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар.

    * * *

    Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.

    * * *

    Қиянат қылма адамға – таза еңбек істе заманға.

    * * *

    Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
    Өлген артық дүниені былғағаннан.

    * * *

    Байлық жақсы екені елге мәлім,
    Өзің істеп әдет қыл – келсе халің.
    Қолың білсе біреуге жалынбайсың,
    Шыдамды бол, еріншек болма, жаным.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бақытжан Сатершинов

    ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану жəне дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ...