• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Uncategorized » МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ. Ұлағатты ойлар.

    МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ. Ұлағатты ойлар.

    Үш жүздің баласы бәрің де қазақсың. Алған бәйгең қазақтікі болады. Алдырсаң да қазақты алдырасың.

     * * *

    Адам баласы үмітпен жасайды. Кімде-кім істеген ісін аңғарып, түскен бағытына, иеленген пікіріне иман келтірумен жасағанда ғана, көздеген мақсатына жетуге болады. Кешегісін ұмытқан, бүгінгісін  сезбеген, ертеңгісіне қайғырмаған адам кімге басшылық қылады.

     * * *

     Біз өз жұртымыздың тіл салтына,  заңына түссек, елге жылдам жақындасамыз, елге жанасқан сайын ел ағартқан іс гүлдейді.

     * * *

     Шындығында, біздер халықтың басын бәске тіккіміз келмеді. Халық тағдыры карта ойыны емес.

     * * *

     Адассам – халқыммен бірге адастым, сәулесі жарық жолға ұмтылсам – ұлтыммен қосыла ұмтылып бағамын.

     * * *

     Үкімет халыққа таянып іс қылуға тиіс. Үнемі үкіметке сүйенген халық ілгері баса алмайды.

    * * *

     Шынын айтқанда, күні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандарының ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді?… «Мен әлімсақтан бері коммунист едім… мен 1905 жылдан бері партияда едім…» – деушілердің ертегісі біздің құлағымызға кіріп те шықпайды. Ат сыры иесіне мәлім. Біз білмейтін қазақтың сыры жоқ! Ал ұлтшылдарымыз қанша еді? Шын ұлтшылдың өзі аз еді. Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дәреже құмар, парашыл, шағымшыл, зорлықшыл еді.

     * * *

     Ұйымдаспаған халық, ұрандаспаған топ – мақсатына жете алмайды, көрінгенге жем болады, кез – келгенге құл болады.

    * * *

    Біз мұсылман екенбіз. Құдайдан тілейді екенбіз. Дұрыс-ақ. Бірақ бізден басқа мұсылмандар құр тілекпен отыр ма? Жер жүзінде 300 миллионнан астам мұсылман бар. Олардың ішіндегі зор мемлекет – Түркия. …Біз не қылып отырмыз? Біз жан-жақты Жасағанға күзеттіріп қойып отырмыз.

     * * *

     Біз басымызға түскен таршылықты бұрынғы бабаларымыздан көретін едік. Солар біздің қамымызды жеген болса, біз мұндай қорлықта, тарлықта жүрмес едік деуші едік. Кейінгі буынның ата-бабасы – бүгінгі тірі жүрген біздер. Біз келешекті ойламасақ, кейінгі нәсіліміз бізді қарғамай ма? Алла құзырында, тарих алдында біз жауапкер емеспіз бе?

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бақытжан Сатершинов

    ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану жəне дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ...