• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Uncategorized » ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ. Ұлағатты ойлар.

    ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ. Ұлағатты ойлар.

    Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.

     * * *

    Бостандыққа апатарын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

     * * *

    Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп, пайдамызды тигіземіз.

    * * *

     Алыспаған, жұлыспаған – бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері – құлдықтан, әйелі – күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды.

    * * *

    Мен Алтайдан Оралға, Сібір темір жолы торабынан Омбыға дейінгі кең кеңістікті мекендеген 4 миллион қазақ халқының өкілімін. Қазақтың бүгінгі асқан мұңы – ана тілін қолдану бостандығы, оның қажеттілігі сайлау қарсаңында үгіт-насихат жұмысын жүргізу барысында ерекше артып отыр және осыған байланысты менің құрылтайдан өтінерім – жергілікті тілдердің құқын шектейтін заңның тез арада қайта қаралуы талап етілсін.

    * * *

    Рухани мәдениеттің бір белгісі – жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу.

    * * *

     Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!

    * * *

     Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

    * * *

     Қазақ халқының бір жақсы мұрасы «жылу»… Осы күнде өзгеріп кетті, қазақ халқының не әдеті өзгермеді!? Қазақ халқының бір көңілді көтеретін әдеті – қонақ күтуі де жылдан жылға бұрынғыдай болмай барады. Бұрын қонақтарды таңдамай қондырады екен, тек жолаушыменен болса. Осы күнде қонақтарды таңдап сыйлайды. Жақсыларды, күміс ер-тоқымдыларды, бөлек атшы алып жүргендерді ғана қондырады. Қондырған уақытта көп арамдық-қулық, алдаушылықтар бар – бұрынғы уақытта болмаған. Бұ күнде қонақ – байды алдап, бай – қонағын алдайды.

    * * *

     Адам баласы өзге хайуаннан айырылғанда – бұлардан ақылды болып, қолы шебер болып айырылады.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Бақытжан Сатершинов

    ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану жəне дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ...