• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Uncategorized » «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің алғашқы тизері шықты

    «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің алғашқы тизері шықты

    «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тизері жарық көрді, бұл туралы Qazcontent АҚ Басқарма төрағасы Е.Д.Кочетов өзінің фейсбук парақшасында хабардар етті «Сонымен, «Qazcontent» АҚ «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тизерін назарларыңызға ұсынады. «Қазақстан тариxы» интернет-порталының жетекшісі Олжас Беркінбаев пен жоба ұжымы қыруар шаруаны бітіріп, мыңдаған шақырымдарды артқа тастап, өзге елдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсеткісі келуде», — деді Е.Кочетов.  Деректі фильмнің басты мақсаты шетелдегі қандастарымыздың тыныс-тіршілігін көрсету. Жуық арада фильмнің бірінші сериясы жарыққа шығады, алғашқы тоқтаған ел — Ресей. Моңғолия қазақтары туралы фильмде түсірілім жұмыстарын аяқтап, монтаждалу үстінде. Фильм келер жылы Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде жалғасын табады деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айында ОКҚ-де ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен шетелдегі қазақтардың тариxы мен күнделікті өмірлерін көрсететін ауқымды жобаның басталғанын мәлімдеген брифинг өткен еді. Сол уақыттан бері алыс-жақын шет елдерде түсірілім жұмыстары жүргізілді.


    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    «Азаматтық борыш» жобасы ІІМ академиясында өтті

    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі “Азаматық борыш” жобасының кезекті кездесуін Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы ...