Басты бет » Uncategorized » Азаттық үшін алысқан

Азаттық үшін алысқан

Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Ғылым ордасы» мекемесі, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, «Кенесары хан» қоғамдық қоры және Шыңғыс хан атындағы халықаралық академия бірлесіп, Кенесары Қасымұлының туғанына 215 жыл толуына және ол бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 180 жылдығына арналған «Хан Кене – мемлекеттік тәуелсіздігіміздің символы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков, ҚР Президенті архивінің директоры Борис Жапаров, тарих ғылымының докторы Клара Хафизова, ҚР Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева және басқа да тарихшылар, Кенесары хан мен Ермұхан Бекмахановтың ұрпақтары қатысты.
Отандық тарих ғылымы туралы айт­қанда Е.Бекмаханов есімін айналып өту мүмкін емес. Оның өзі таңдап алған тарих ғылымына адалдығы мен азаматтығы көпке үлгі. Ғылыми басқосу көрнекті ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс туралы зерттеулері үшін тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Ермұхан Бекмаханов атындағы мемориалдық кабинеттің салтанатты ашылуымен басталды.
ҚР Президенті архивінің директоры Б.Жапаров көрнекті тарихшы Е.Бекмаханов кабинетіне ғалым­ның 1940-1950 жылдардағы тарих сала­сындағы қызметіне қатысты құжат­тар­дың көшірмесін тапсырды. Жиында Е.Бекмахановтың көзін көрген, дәрісін тыңдаған шәкірттерінің атынан сөз алған Қайдар Алдажұманов ғалымның тағдыры қазақ тарих ғылымының тағдырымен тығыз байланысты екенін айтты. Орталық ғылыми кітапхана­ның мәжіліс залында жалғасқан конференцияны Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков кіріспе сөзімен ашты. Кенесары хан өмірінің соңғы күндері жайында баяндама жасаған Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов патшалық билікпен күресі туралы деректер келтірсе, белгілі тарихшы К.Хафизова дипломаттық қасиеттеріне тоқталды. Жиын­да «Кенесары хан» қоғамдық қорының төрағасы Мұхтархан Абаған, ҚР Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары М.Жылысбаева, тарихшылар М.Әбдіров, Ф.Шамшиденова, Р.Оразов, Е.Ерланұлы және Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Г.Өтепбергенова Кенесары ханның ел тәуелсіздігі мен қазақ мемле­кет­тілігін қалпына келтірудегі рөлі, ол бастаған ұлт-азаттық көтерілісті зерт­теудің заманауи тәсілдері және басқа да өзекті мәселелерді кеңінен талдады.


Дина ИМАМБАЕВА,

«Ана тілі«

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*

x

Check Also

Гүлнәр Міржақыпқызының Қайымға жазған хаты

Алашординцы были частыми гостями в доме Мухамедхана Сейткулова в городе Семей. Каюм был воспитан отцом ...