Тарихи күнді интеллектуалдық сайыспен өткізді

0
222

Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы аталып өтілген екен. ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осы күнді 1983 жылы бекіткен.

Қазіргі уақытта осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзіндегі 122 елдің 754 тарихи құндылығы ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені мен Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып есептелетін 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

Осы айтулы датаға орай, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында «Жан азық» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Бұл сайысқа О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатынынан — «Қожа Ахмет Яссауи», Ш. Смағұлов атындағы  облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп- интернатынан — «Алтын адам» және №81 мектеп-гимназиясынан — «Күлтегін» командалары қатысты.

kr3

«Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды» — деген тәмсілді ескерген оқушылар  үздік болу үшін бар білімдерін ортаға салды.  Атап айтқанда, лэд экран арқылы еліміздің тарихи жерлерінің атауларын дұрыс тауып, батырлар жырын жатқа айтты. Және тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердердің мән-мағынасын түсіндірді.

Жарыс қортындысы бойынша «Күлтегін» командасы үздік шықты. Ал «Алтын адам» мен «Қожа Ахмет Яссауи» командалары тиісінше екінші және үшінші орындарды иемденді. Шара соңында командаларға Алхыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

 kitaphana

 Ләззәт Мұхтарқызы СПАТАЕВА, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі:

-Кітапхана ұжымы  оқырмандармен әсіресе, осы жарысқа келіп отырған мектептермен  тығыз қарым-қатынас орнатқан. Атаулы күндер қарсаңында осындай шаралар өткізіп тұруды дәстүрге айналдырып келеміз. Бүгін солардың біріне куә болып отырсыз. Қазіргі кезде балаларға интеллектуалды жарыстарға қатысып тұрғаны жақсы. Осындай жарыстар оларды шапшаң ойлауға үйретері сөзсіз.


Жасұлан НАУРЫЗАЛИЕВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ