Тұлпар мініп, ту алған!

0
590

 Ұлыстың Ұлы мерекесі қарсаңында «Алатау» дәстүрлі өнер ордасында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Тұлпар мініп, ту алған» атуымен республикалық жыр-терме кеші өтті. Оған елімізідің барлық аймағының жыршы-жыраулары қатысты.

— Бір заманда ата-бабаларымыздың тіліне тиек болған, рухани мұрасының астары, өзегі болған, сіз бен біздердің, ата-бабаларымыздың татқан тамағының да алдында тұрған, осыны нәле еткен, кешегі ұлы жырдың бастауында тұрған ұлттық идеялар, сол идеяларға астар болған түрлі оқиғалар, сахнада көріп отырған талай жерден оза шауып келген саңлақтардың аузымен бүгін осы жерде айтылатын болады – деп сөз бастаған белгілі жырау аға буын Алмас Алматовтардың ізін басып келе жатқан жыршы, фольклортанушы Берік Жүсіп кеш айташысы (жүргізуші) болды. Өнер ордасына жиылған жұрт сан-түрлі мақамдағы жырлармен қатар, сол жырларды жеткізушілер жайындағы мазмұнды әңгімелерді де көкейіне түйіп қайтты.

t-lpar-minip-tu-alyip

Кеште  келесі өнерпаздар: Талғат Әбуғазы (Алматы). Ақтанберді жырау. «Күлдір-күлдір кісінетіп»), Амандық Көмеков (Маңғыстау). Махамбет. «Алайма сұлтан, алайма»), Марат Сүгірбаев (Қызылорда). «Сәрсенбай жыраудың толғауы»), Серік Жақсұғұлов (Қызылорда). Базар жырау. «Әлеуметтер, құлақ сал»),  Жәкен Омаров (Алматы). Майлы қожа. «Ата-ананың қадірі»), Шолпан Бейімбетова (Қызылорда) . Қашаған Қүржіманұлы. «Атамекен»), Шаттық Уатқан (Алматы). Кенен. «Әли батыр дастанынан үзінді»),   Нұртілек Ақтаев (Қызылорда). Ұлықбек Тәңірбергенов. «Азаттықтың ақ таңы»),  Елдос Жұмағұлов (Ақтөбе). Кердері Әбубәкір. «Қазағым»),   Алмас Алматов (Астана).Алмас Алматов «Қазына» дастанынан үзінді),   Өсербай Сәрсенбаев (Маңғыстау). Наурызбектің термесі),  Майра Сәрсенбаева (Қызылорда). Абылай хан дастанынан үзінді),   Мақпал Тоқтағанова (Алматы облысы). Жамбыл. Сұраншы батыр дастанынан үзінді),

t-lpar-minip-tu-alyip-jpg2   Елікбай Исаев (Астана). Төле бидің толғауы),  Фархад Оразов (Орал). Махамбет. «Адыра қалған нарынның»), Күнсұлу Түркпенова (Астана). Алмас Алматов «Еділ мен Жайық екі өзен»),  Армат Исламғалиев (Орал). Мұнайдар Балмолда. «Ұлытауда өткен ұлы ойлар»), Құрманбек Бекбейіс (Қызылорда). «Биікбай батырдың жорық жыры»), Ерболат Шалдыбеков (Астана). Сүйінбай. «Қарасай» дастанынан үзінді), Айбек Тәңірберген (Арал). «Сартай батыр»), Нұрмағамбет Қосжанов «Сартай батыр» дастанынан үзінді),  Нұрым Асханов (Алматы). Құмар Әбуғалиевтің толғауы), Берік Жүсіпов (Алматы).  Құрманай Төремұрат. Жорық жыры) өнер көрсетті.

Жыр керуені бүгін де жалғасын табады.


Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ

«Адырна». кз

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ