Сахнада — Қыз Жібек

0
79

13-14 маусым күндері  М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасының премьерасы өтеді.

«Қыз Жібек» эпосын «махаббат гимні» деп атап жүрміз. Себебі, оның  көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан уақытта ( ХVІ-ХVІІІ ғ) қазақ қоғамында  сезім бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе осы жырдағыдай  ашық айтыла бермеген. Сол кезеңде неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттар үстем болды. Жырдағы Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі — сол кезеңдегі жастардың көкірегінде жүрген тілегін аңғартады.

t-legen-men-zhibekzhibek

Қазақ жұрты «Қыз Жібекті» 1968-70 жылдары Сұлтан Қожықовтың режиссерлігімен түсірілген кино арқылы танып білді десек, артық айтқандық емес. Енді, осы жырдың сахналық қойылымы қалай болады? Театр сүйер қауымды осы жай қызықтырары сөзсіз.  Олай болса,  С.Бақаева, А.Шаяхметов, Е.Дайыров, А.Киркабаков, М.Тағанов, Ш.Асқарова, Ш.Жанысбекова, Г.Тутова, Б.Тұрыс, Б.Әбділманов, С.Мерекеұлы, Ж.Толғанбай, З.Карменова, Д.Үсенова,  Ж.Жаныаманова, К.Шаяхметова, Ж.Мақажанова, А.Жұмабаев, Ж.Тинбаев, А.Бақытжанова  және басқа  көптеген театр артистерінің өнерін тамашалауға асығайық.

18682b40883e1f4efcc3dcb0de3dc7e3-700x1000

Қыз Жібек»  музыкалық  драмасының  шығармашылық құрамы;

Қоюшы-режиссер        Е.Нұрсұлтан

 

Режиссердің ассисенті Ш.Жанысбекова

Қоюшы-суретші           Е.Тұяқов

Киім суретшісі       Н.Қалиева

Музыкасын өңдегендер

А.Райымқулова, Т.Жармұқанбет 

Балетмейстер  А.Сыдықова

Сахна сайысы  А.Байлин

Вокал пәнінің ұстазы Г.Қарамолдаева

Хор пәнінің ұстазы Г.Берекешев

Режиссердің көмекшісі   С.Гениярова 


Жасұлан НАУРЫЗАЛИЕВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ