Қоян

0
536

Ерте, ерте ертеде, қоянның біреу артынан түсе берген соң, тым қатты ыза болыпты:

— «Мен әркімнен қорқа берем, менен ешкім де қорықпайды. Бүйтіп жүргенше суға түсіп өлгенім жақсы», – депті. Суға қарай жүгіреді. Сод мезетте су бойында жатқан қойлар үркіп барып, басқа қойлармен араласып, апалаң – топалаңға түсіріп, үркітіп жібереді.

Сонда қоян ойлайды: «Менен де қорқатын хайуандар бар екен. Өздері үлкен, бүкіл бір төбе екен», – деп көңілі жай болып, бастапқы райынан қайтыпты.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ