Менің елім — мәңгілік ел

0
356

2016 жылдың желтоқсан айының 9-шы қарашасы күні ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасөспірімдер арасында бабаларымыздан қалған асыл мұра дәстүрлі ән өнерін насихаттау мақсатымен «Менің елім — мәңгілік ел» тақырыбында Республикалық байқау болып өтті. Байқаудың  ұйымдастырушылары: «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы. Байқаудың мақсаты:
1. Жас ұрпаққа еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі құндылықтарын дәріптеу.
2. Ұлы дала елінің дарынды, өнерлі жас жұлдыздарын анықтау, талаптарын шыңдау.
3. Еліміздің өңірлерінен келген қатысушылар арасында достық байланысын нығайтып, отан сүйгіштікке баулу.

Сайыскерлер жас шамасына қарай 3 топқа бөлінді:
1.Кіші топ: 0-4 класс
2.Орта топ: 5-8 класс
3.жоғарғы топ: 9-12 класс.

Күй номинациясы бойынша кіші топта 1-ші орынға Алматы қаласы,Медеу ауданы, Алатау кентінен келген 10 жасар Естай Есенұлы ие болды.

Ұстазы: «Мұрагер» музыкалық мектебінің оқытушысы, күйші — Бекенов Азамат.

iyil-an

Байқаудың дәстүрлі ән номинациясы бойынша бас жүлдесі Алматы қалалық №12-ші балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушісі — 13 жасар Бияхмет Ақарысқа бұйырды.20161209_121823
Ұстазы:№12-ші балалар музыкалық мектебінің оқытушысы, дәстүрлі әнші — Ақымжанов Бахтияр Нұржанұлы
20161209_112915

Күй номинациясы бойынша орта топта өнер көрсеткен Бекұзақова Гаухар өз қатарластарынан оқ бойы алға шығып, бас жүлдені жеңіп алды. Алматы қалалық №12-ші балалар музыкалық мектебінің тәрбиеленушісі. Ұстазы:№12-ші балалар музыкалық мектебінің оқытушысы, күйші — Абикешева Райхан.
img-20161223-wa0015

Жасұлан НАУРЫЗӘЛИЕВ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ