14 сәуір «Көркем Ой» Академиясының ұйымдастыруымен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде дарынды балалар мен  жастарға арналған «DARA FEST –2018» фестивалі өтеді.

Байқаудың мақсаты – дарынды балалар мен жалынды жастардың басын қосып, өнерлерін сынға салу, қабілеттерін шыңдау.

Фестиваль номинациялары: эстрадалық вокал, театр, көркем сөз оқу, қысқа метражды фильм, хореография, дизайнер, аспаптар. Байқауға 4 жастан 25 жасқа дейінгі өнерпаздар қатыса алады. Фестиваль жеңімпазы «Қазақстан» ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасына қонаққа шақырылады.

Үміткерлерді тіркеу сәуір айының 8 жұлдызына дейін жүргізіледі. Қатысушылар байқау жұмыстарын CD таспа немесе флешкаға жазып өткізе алады. Сондай-ақ dara-fest2017@mail.ru почтасына жіберулеріне болады.

Қатысушылардың байқау кезінде көрсеткен өнерлеріне қарай әділ баға беріледі. Әділ-қазылар шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.


Мөлдір БЕКЖАН

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ