ForteBank-тың Астанадағы бас кеңсесінде алғаш рет ForteDay шарасы ұйымдастырылды. Жиында банк қызметіндегі замануи технологиялық жаңалықтары таныстырылды. Мәселен, қаржы ұйымынан пайызсыз несие алып, банкоматынан картасыз ақша аударымын жасай аласыз. Сондай-ақ, аталған банктің мобильдік қосымшасы арқылы  бірнеше банктік шотыңызды басқарауға да болады, деп хабарлайды Елорда инфо.

Басқосу барысында ForteBank жаңа қызмет түрлері мен өнімдерін таныстырды. Таныстырылым банктің Youtube, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында онлайн трансляция арқылы көрсетілді. ForteDay шарасында 2017 жылғы банк қорытындылары мен статистикасы, банктің алғашқы үш жылдағы өсім көрсеткіштері, банк қолдауымен жүзеге асқан әлеуметтік жобалар туралы айтылды. ForteDay “Sa’lem jiberemiz” тақырыбында өтті.

Пайызсыз несие туралы білесіз бе?

Бүгінде 65 мыңнан астам компаниямен жұмыс істейтін ForteBank былтыр қазақстандық үздік банктердің бестігіне кіріп, Лондондағы “The Banker” журналының шешімі бойынша “Қазақстандағы үздік банк” номинациясын жеңіп алған болатын. Ал биыл ForteBank “Global Finance” журналының қорытындысы бойынша “Қазақстандағы үздік банк” атанды.

ForteBank уақыт өткен сайын тұтынушыларына жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін ұсынуда. Солардың бірі – 3 миллион теңгеге дейін несие алуға болатын CreditCard несиелік картасы. Пайызсыз несие дегенді естуіңіз бар ма? Нарықтық экономика заманында үстемесіз несиенің болуы мүмкін емес сияқты. Алайда, ForteBank тұтынушысы CreditCard несиелік картасының көмегімен алған несиені 55 күннің ішінде пайызсыз қайтару мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, карта арқылы жұмсалған қаражаттың 15 пайызы кэшбек түрінде карта иесіне қайтарылады. Сash-Back дегеніміз – тауар немесе қызметтерді картамен төлегенде өз саудаңыз үшін алатын шынайы ақша. Демек, сіз CreditCard-пен есептескен жағдайда, жұмсалған соманың бір бөлігі картаңызға кері қайтарылады.  Ағымдағы жылдың сәуір айының өзінде 97 миллион кэшбек ForteBank тұтынушыларына қайтарылған.

 

CreditCard-тың тағы бір артықшылығы – абоненттік төлемді талап етпейді және қарызды өтеудің ең төменгі мөлшерлемесі небәрі 1 пайызды құрайды. Басқа банктермен салыстырғанда банк мөлшерлемесі 5 есеге төмен екенін ескерсек, бұл тұтынушылар үшін ұтымды болмақ.

Қиындықсыз саяхат немесе бір қосымшада бірнеше банкті басқарыңыз

Көп адамдар шетелге саяхат кезінде қаражатын қандай валютада сақтау керек екенін білмей жатады. Қолма-қол ақша ұстау қауіпті деп ойлайтындар бар. Мұндай жандарға MultiCard атты саяхатшы картасы көмекші бола алады. MultiCard-тың көмегімен тұтынушы бірден бес валютаны қатар басқара алады. Сондай-ақ, ForteBank тұтынушылары әлемнің кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша шешіп алу мүмкіндігіне ие. Саяхатшылар көп жағдайда сақтандыруды артық шығын санап, бас тартып жатады. Алайда, шетелде қаржылық сақтандыру қажет-ақ, Осы орайда MultiCard тегін сақтандыру пакетін картамен бірге ұсынады.

Саяхатшыларға арналған ForteTravel қызметі тұтынушыларға авиабилеттер мен теміржол билеттерін, автомобильді жалға алу, оған қоса қонақ үй жалдау сияқты сервис түрлерін тиімді тәсілмен пайдалануға көмектеседі. Аталған қызмет түрі ұзақ уақыт алмайды және әрбір жасалған қызмет үшін банк 4 пайызға дейін кэшбек қайтаруға дайын.

Телефон нөмірі арқылы аударым жасап, картасыз ақша алуға болады

Сізде бірнеше банк картасы бар. Оларды онлайн басқару үшін жеке-жеке мобильді бағдарламасын жазып алу керек. Ал ForteBank-тің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше банк картасын қатар басқаруға болады.

ForteBank-тің қоысмшасы былтыр “Үздік мобильді қосымша” атанды. Интернет банкинг пен мобильді қосымшаның басқа банк қосымшаларына қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, ForteBank мобильді қосымшасын тек ForteBank картасының тұтынушылары ғана емес, Қазақстанның басқа да банктерінің тұтынушылары тегін қолдана алады. Бұл мәселеге келгенде ForteBank ашық банк қызметін қолданады. Сіз бір мобильді қосымша арқылы бірнеше банк картасын тіркеп, қажетті қызметтерді оңай әрі тиімді пайдалана аласыз.

Жақыныңызға немесе танысыңызға шұғыл түрде ақша аудару керек. Алайда, сіздің де, оның да қолында банк картасы мен номері жоқ. Мұндай тығырықтан қалай шығуға болады? ForteBank-тің FortePay деп аталатын жаңа қызмет түрі бұл мәселенің де оңай шешімін ұсынады.

FortePay қызметі арқылы қаражат аударғыңыз келетін тұлғаның телефон номері арқылы ғана, басқа қосымша ақпаратсыз-ақ ақша аударымын жасай аласыз. Аударылған қаражатты тұтынушы өзінің қалаған картасына немесе шотына аударып ала алады.

Банк картасын үйге ұмытып кетсеңіз немесе жақыныңызға беріп қойсаңыз, банкомат картаңызды жұтып қойса, алайда шұғыл түрде ақша алу керек болса не істеу керек? Тіпті, картаңызды қайда қойғаныңызды ұмытып қалған жағдайлар да кездеседі. Мұндайда  ForteBank-тің кез келген банкоматында қолжетімді Cash by code функциясын қолдануға болады.

Қолыңызда картаңыз болмаған күннің өзінде қазақстандықтар банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы банкоматтан ақша шешіп ала алады. Ол үшін картасыз ақша алу қызметі сізге арнайы СМС-код жібереді. Сол кодтың көмегімен ForteBank-тің кез келген банкоматынан банк картасындағы қаражатыңызды шешіп ала аласыз.

ForteDay жаңа өнім, жаңа қызмет, жаңа мүмкіндікке жол ашты. Жалпы, қазіргі таңда ForteBank-тің мобильді қосымшасында 350-ден астам қызмет түрі қолжетімді. Мұнда ай сайын 1769751 транзакция жасалады. Банк қызметкерлері тұтынушылардың қауіпсіздігі мен ақпартқа қолжетімділігін қамтамысз ету мақсатында түрлі қызметтер мен өнімдер жасап жатыр. Жақында ғана өткен ForteDay таныстырылым шарасы көпшілікке беймәлім қызмет түрлері туралы толық ақпарат берді. Банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили биыл алғаш рет өтіп отырған ForteDay шарасын жылына екі рет өткізуді жоспарлап отырғандарын және бұл шарада жаңа қызметтер мен өнімдерді таныстыруды дәстүрге айналдыратындарын айтты.

_____________________________________________________________________________________________________________________

Тельман Бейсенов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ