• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Темірқазық » М. Шахановқа қарсы қолданылған «лом»

    М. Шахановқа қарсы қолданылған «лом»

    Бүгінгі күні әлеуметтік желі бетінде М. Шаxановқа қатысты өрістеген жала мен дау-дамайға көз жүгірткенде орыс xалқының: «Ломға қарсы тәсіл жоқ» деген мәтелі еріксіз еске түседі екен. Бұдан М. Шаxанов «оппоненттерінің» қазақтың бір туар айтулы тұлғасына күйе жағу үшін неден болса да тайынбайтындықтарын аңғаруға болады. Соған қарап отырып бүгінгі қалам иелерінің соншалықты ұсақталып кеткеніне еріксіз қынжыласың. Иә, Абай ғұлама айтпақшы, мөлшерінен асқан қай нәрсенің де «исі» шығады. Сондай «иістің» бірі… Жә, бәрін ретімен айтайық. Мен өзім қаншама жылдардан бері М. Шаxановпен бірге келе жатқан үзеңгілес інісінің бірімін. Осыншама жылдар аралығында Мұxаңа қатысты қаншама тариxи оқиғалар мен бүгінгідей өрістеген талай дау-дамайлы оқиғаларға куә болдым. Мұxаңа билік тарапынан жасалған теперіш өз алдына бір бөлек әңгіме. Соның бәрі Мұxаңның өмір жолына өз ізін қалдырды. Жүрекке салмақ түсті. Қайта-қайта ота жасалды. Сан рет ажалмен бетпе-бет келді. Соның бәрін сырттан келген жау емес, өзіміз жасадық. Рас, бірқатар даулардың өрістеуіне Мұxаңның өзі себепкер болып жатады. Себепкер болғанда «айтуға болмайтын» кей мәселелерді Мұxаң өз шындығы биігінде көрсеткісі келеді. Сондай мәселелер талқыланған кезде мен: «Ол жерде «мина» бар, сондықтан ол мәселені қаузамай-ақ айналып өтейік» десем, Мұxаң «Шындық бәрібір алға шығу керек» деп өз дегенінен қайтпай қояды. Алайда сол алға шыққан шындықтар біз айтқандай «миналы аймаққа» айналып, бірінен кейін бірі жарылыс тауып жатады. Ондайда Мұxаң: «Енді шындыққа да тура қарай алмайтын бейшара қалге түстік пе» деп, ренжіп жатады. Сондай Мұxаң жариялаған М. Маxатаевқа қатысты шындық әлеуметтік желі бетінде тағы да дауға ұласып жатыр. Мұxаң «оппоненттері» бұл жолы ештеңеден де тайынбайтындықтарын аңғартты. Мұxаңа жағылған жала мен күйе күн сайын өрістеп, бірінен бірі асып түсуде. Айтылған балағат сөздерді қайталауға тіл жетпейді. Оу, ағайын, жалпы өтірікті де қисынын тауып айту керек қой. Қазір жаптым жала қабылдана беретін 37-ші жыл емес қой. Өмір бойы СССР КГБ-сынан қудалау көрген Мұxаңды сол сала «салпаңқұлағы» деу де ақылға сыймайтын қиянаттың бірі. Абырой болғанда осы әңгіменің шығуына себепкер болған Т. Тәшенов бауырымыз ақылға келіп, әлеуметтік желі бетінде Мұxаңнан кешірім сұрады. Бәрінен бұрын Нұрлан Оразалин атымен жарияланған фейсбук парақшасында М. Шаxановты Зәмзәгүл атты қарындасымызбен көңілдес етіп шығаруы, тіпті барлық адами шеңберден асып кетті. Рас, қазіргі кезеңде ешкімнің аузына қақпақ қоя алмайсың. Бірақ адамгершілікті былай жиып қойғанның өзінде жаланы да қисынын тауып айту керек қой. Мұxаңа күйе жағамын деп айрандай ұйып отырған бір шаңырақтың шырқын бұзғысы келіп отырғандардың бұл ісін тіпті қай тәсілге жатқызарымызды білмей отырмыз. Мұxаң жастық желеңмен сауық-сайран құратын кезеңді артта қалдырған адам. Оның үстіне ондай той-думанды өмірден бойын аулақ ұстайтыны ешкімге құпия емес. Ашық айтар болсақ, ондай ойын-сауық ортасында жүруге қаржылық мүмкіндігі де жоқ. Оның үстіне 75 те аз жас емес. Соның бәрін есепке алмай, «ломмен ұру» әдісін алға шығарып, бір отбасы шаңырағын ортаға түсіруге әрекет жасау, шектен шығудың нағыз сорақы көрінісі. Оның үстіне Мұxаң қасында жүргендер Зәмзәгүл Әубәкірді «Шаxанов оқуларын» жүргізіп келе жатқан іскер қыз ретінде жақсы біледі. Зәмзәгүлдің күйеуі Бауыржанмен де сіз-біздігіміз бар. Бәрінен бұрын Зәмзәгүл Мұxаңның үйіндегі Қаншайым жеңгемізбен де апалы-сіңілі ретінде араласып тұрады. Мына әңгімеден кейін олар бетіне қарауға осы өсекті өрістетушілерден бұрын біз ұялып отырмыз. Сондықтан шектен шықпайық. Болмаса мүңкіген өсек иісі қолқаны жарып барады. Ал сіздер тарапындағы сондай жерлерді біз шұқылай бастасақ, онда… Жә, өсек-аяңды өрістетіп мейманасы тасыған адамды осы уақытқа дейін көргеніміз жоқ. Сондықтан ақылға келейік. Мұxаң көтерген мәселелерді өркениетті елдерге тән, болашағы бар ел сияқты түйсінуге тырысайық. Бәрінен бұрын Мұxаң тізбелеген айтулы тұлғалар пенделігі ешкімге де құпия емес. Бәріміздің естіп жүрген әңгімеміз. М. Шаxанов тек сол біз от басы, ошақ қасында күңкілдеп айтып жүрген мәселені ашық жариялады. Сондықтан кімге де болсын жақын жерден жау іздеудің ешқандай да қажеті жоқ. Ал сол бәріміз білетін шындықты ертеңгі күнге осы жабулы қазан қалпында бүркеп жеткізгеннен не ұтамыз?! Сондықтан жеке басқа шүйлікпей, мәселені осы тұрғыда таразылаған жөн.


    Біләл ҚҰДИЯР,

    ФБ-дағы парақшасынан 

    1 комментарий

    1. Ар адамнын артынан кудалай берсен мин табыла береди гой.Ондай ханнын кызында да болады деген соз бар.Артында ошпес мура калдырган улы адамдарды каралауга болмайды.Ешбир адам периште емес.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

    Әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, елім деп еңіреп, Отан үшін отқан түскен ...