• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Темірқазық » Мұхтар Шаханов: Басымды кесіп алсаңдар да, Махамбетті Абайдан жоғары қоямын

    Мұхтар Шаханов: Басымды кесіп алсаңдар да, Махамбетті Абайдан жоғары қоямын

    Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгімелесті. Махаббат тақырыбы, азаматтық позициясы жайлы сөз қозғады.

    Ақын өз өлеңін оқи келе Махамбетті Абайдан артық қоятынын тағы бір мәрте атап өтті.

    «Абай ұлы тұлға. Бірақ ісі үшін Махамбетті Абайдан жоғары қоям. Басымды кесіп алсаңдар да, айтатыным сол. Махамбет шындық үшін басын берген адам», – деді Шаханов.

    Мұхтар Шаханов соңғы кездері дауға айналған тақырып жайлы айтып, Нұрлан Оразалинді Қоразалин деп атамағанын алға тартты.

    “Сөзімді бұрмалап жіберіпті. Мен керісінше Оразалин Қоразалин болмады дедім. Тауықалин Шөжалиннің деңгейінде самғады дедім”, – деп атап өтті Шаханов.


    http://www.matritca.kz

    3 комментария

    1. Патша және Кеңес өкіметтерінің колониялдық саясатындағы Абайдың рөлі туралы 2005 жылдан бастап жазылып жүр.
      http://www.kazakh.ru/talk/mmess.phtml?idt=10753

    2. «Абай ұлы тұлға. Бірақ ісі үшін Махамбетті Абайдан жоғары қоям. Басымды кесіп алсаңдар да, айтатыным сол. Махамбет шындық үшін басын берген адам», – деді Шаханов.
      =========================================================================
      Өте дұрыс пікір. Махамбет туған халық үшін құрбан болды. Шыңғыз хан ұрпағы Жәңгір қазақты қорлап, тонап, Ресей патшасының қол шоқпары болды ғой. Махмбет пен Исатай қазақ халқы үшін соларға қарсы шығып қаза тапты ғой!

    3. қажы мұқамбет қаракедей

      Maxambet nen Исатай
      Бола алмас Абайдай
      Махамбетің — қызылбас
      Исатай да — елге қас
      Абай танып заманды
      Жақсы және жаманды
      Ақылменен іс қылды
      Көрсетті Ол жөн жолды
      Əлін білмей əлгілер
      Жауға болды мердегер
      Абай және Құнанбай
      Пана жоқ деп Құдайдай
      Əлек болмай бекерге
      Жабысты дін- өнерге
      Есі кеткен əлгі екеу
      Қылыштары-жауға егеу
      Ақындығы Мұхтардың
      Ісі дей бер сотқардың

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

    Әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, елім деп еңіреп, Отан үшін отқан түскен ...