• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Темірқазық » Ескерткішті «ұрлаған» күдікті ұсталды

    Ескерткішті «ұрлаған» күдікті ұсталды

    Астана полициясы Қазақстан жерінде 1932-1933 жылдары болған ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіштегі баланың мүсінін ұрлады деген күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Қола мүсін металл қабылдайтын пунктен табылған.

    «1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарына орнатылған ескерткіш кешеннен мүсін ұрлады делінген күдікті мен ұрланған мүсінді сатып алды деген күдікті анықталды» делінген Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.

    Полиция «ұрлық» және «қылмыстық жолмен табылған мүлікті иелену немесе өткізу» баптары бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылған.

    Ескерткіш кешеннен баланың мүсіні ұрланғаны туралы 2017 жылы жазда хабарланған. Биылғы жылдың басында ұрланған мүсіннің орнына қайтадан құйылған мүсін орнатылған еді. Полицияның мәліметінше, мүсін екінші рет өткен айда ұрланған.

    Астанада «Қасірет қабырғасы» деп аталатын композицияның жанындағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш ресми түрде 2012 жылы 31 мамырда ашылған.

    ___________________________________________________________________________________________________________-

    azattyq.org

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

    Әскери қайраткер, даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, елім деп еңіреп, Отан үшін отқан түскен ...