Халқымыз ата тарихына ешқашан да бейжай қарамаған. Өткенді сергек байыптап, бүгінгіні сындарлы бағалап, болашаққа ойлы жоспар құра білген. Бұл – бағзы замандардан келе жатқан төл дәстүріміз. Ұлтымыздың «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген нақылы бірыңғай тарихпен байланысты. Жеті ата дегеніңіз – қарапайым есеппен алғанда 200 жылдай уақыт. Яғни, осы уақыт мөлшеріндегі тарихты білу – әрбір азамат үшін сын. Отанды сүю отбасыдан демекші, тарихты білу әрбір білім беру ошағынан басталады.

Ғылым мен техниканың қарқынды дамып ақпараттар ағыны заманында білім алушылардың тұлға ретіндегі өзіндік ой-пікірлерін калыптастырып, қабілетін, талантын дамыту барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінін басты міндеті болып табылады. Оку үдерісітік қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес инновациялык тәсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шыгармашылык жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыкка, шығармашылыкка тәрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу үдерісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды, білім алушылардың білімін қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы – оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қапыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.

Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, дамыту міндеттсрін көздейді. Оқытушының жеке тұлғаны зерттеуіне, оны толық танып, білуге және оқудың мақсатына жетуге тиімді, әрі нақты жол ашады. Болашақ маман иелерінің бойында білімділік, біліктілік, саналылық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруде, яғни кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда жана технологияны қолданудың рөлі зор. Сонымен қатар технологияны тиімді пайдалана білу оқытушының шеберлігі мсн ісксрлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға әсерін тигізеді.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат ашады:

–        педагогикалық қызмсттің өзекті мәселелерін білу;

–        оку бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру;

–        оку моделін құрастыру;

–        оқу жобаларының мазмұнын анықтау;

–        окушылардың жаңа материалды меңгеруіндс деңгейленген жаттығулар жасау;

Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушы-профессорлардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылык ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші рөл атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялык технологияларды атап көрсетуге болады:

  • проблемаға бағытталған оқыту;
  • топтық бағытталған оқыту;
  • рөлдік ойындар;
  • презентациялар;
  • пікірсайыстар;

миға шабуыл әдісі;

  • сұрақ-жауап ойындары; іскерлік ойындар;
  • мамандық саласына байланысты конференциялар
  • көкейкесті мәселені талқылауға арналған онлайн, вебинарлық конференциялар.

Білім алушылар әлемнің кез келген аумағында білімін әрі қарай жетілдіруге, еңбек нарығында сұранысқа ие қызметтерді атқаруға және жаңа технологияларды меңгеруге қабілетті, аса белсенді болуы тиіс. Оқу үдерісінде өріс алған интерактивтік оқыту әдістері де оқушылардің белсенділігін арттыруға орасан зор ықпал етеді. Мұндай әдісті колдану барысында білім алушылар өзінің өмірлік тәжірибесіне, жеке ой-пікіріне, біліміне сүйенеді. Ғылыми-техникалық прогрестің карыштап дамуы, маман даярлауға да заманауи талапаптар қояды. Қоғамның мүддесінен шығатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлау кез-келген жоғары оку орнының сң басты міндсті екені айқын. Бұл орайда оқытушы-профессорларға үлкен сеніммен қатар, орасан зор жауапкершілік жүктеледі. Оқушылардың әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес оқыту қажет. Окытудың білімге бағдарланған дәстүрлі түрін құзыретті-бағдарланған оқыту түріне алмастыру әдісінің де ғылыми-әдістемелік негізі назар аударуға тұрарлық. Мұнда сабақ барысы пәннің мазмұнына және мамандық бағытына қарай бес бөлікке бөлініп оқытылады: өзін-өзі жетілдіру кұзыреттілігі, құқықты кұзыреттілік, коммуникативті құзыреттілік, бейімділі және дағдылар, білім. Инновациялық оқыту технологиясы ғылыми-педагогикалық қызметтің айрықша үлгісі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін кәсіби біліктілікті мамандардың тәжірибесін жұмылдыру қажет. Яғни, окытушы өзінің кәсіби мамандығын педагогикалық шеберлікпен және шығармашылықпен ұштастырып, іскерлік дағдыны қалыптастыруы тиіс. Кез келген ұстаз заманауи инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі калыптастырады. Оқутушыларды кез-келген жағдайға бейімделіп, инновациялык жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана алатындай деңгейде тәрбиелеу қажет. Білім алушылардан мұндай даярлықты талап ету үшін, оның ең басты көрсеткіштерін айқындау қажет.

Біріншіден, таным түрғысынан қызығушылықты қалыптастыру кажет.

Екіншіден, Оқу үдерісінің теориялық негіздері және жеке тұлға теориясының негіздері ұштасқанда ғана білім алушылардың инновациялық әрекеттері нәтижелі болатындығы айқын.

Сонымен қатар, үшіншіден, сабақты қалыптасқан әдіс бойынша біркелкі өткізбей, әр сабақ сайын ғылым мен техниканың, педагогикалық өлшемдердің озық тәсілдерін пайдалана отырып, ерекше өткізуге болады. Сонда оқушы әр сабақта әр түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындай отырып, бейімділік өлшемдерін меңгереді. Мұндай оқушы  болашақта қандай ортаға тап болғанына карамастан, өз ісіне ғана қажетті инновациялық технологияны таңдап, әрі сол ортаға өз болмысын бейімдей отырып әрекет етеді. Инновацияның өлшемдік бірліктері оқытудың әдістемелік мақсат-міндеттері, оқу үдерісі, оқытудың нәтижесін бағамдаумен анықталады. Оған болашақ маманның жүйелі оқу-тәрбие үдерісінде сабақты тиімді үйымдастыра білуі, студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, біртұтас ғылыми-педагогикалық үдерісті зерделеуі және сабақтың нәтижесі жоғары болуы үшін қажетті жаңа технологияны тандауы тиіс.

Қазіргі таңда тарих пен ғылымға деген қызығушылық күннен-күнге артып келеді. “Жеті атасын білмеген жетесіз” демекші тарихына қызықпаған халықтың болашағы да айқын емес. Дәл сондай мақсатта, яғни, тарихтың тылсым құпияларын білу үшін Мәмбет Қойгелдиев керемет бастама бастады. Ол “айтылған тарих” деп аталады. Бағдарламаның мақсаты жазылған тарихқа емес, айтылған тарихқа сүйену. Тарихта болған бір оқиғаны сол заманда қмір сүрген, әлі де тірі бір куәгердің айтуымен баяндау. Яғни, сол заманда адамдардың өмірі қандай болды, не ішті, не жеді дегендей. Дәл осындай бастамалар көп болса тарихымызды кез-келген адам жатқа білері анық.


 Назерке МАРШАКҚЫЗЫ,

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенті

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ