• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Тарихы көне, тамыры терең » Ғұндарды құлату арқылы барша түркілерді бағындыру саясаты

    Ғұндарды құлату арқылы барша түркілерді бағындыру саясаты

    Кейбіреулердің  қол-аяғын бұтарлап шауып. Талас өзеніне тастатты. Бұқараны қала қорғанын салуға айдап салды. Күніне 500 адам қатысатын бұл машақатты жұмыс 2 жылда әрең аяқталды. Аорс, Дад-уан және т.б. елдерге жыл сайын ұдайылық. 

    көпшір тапсырып тұрасыңдар деп елші арқылы қысым жасады. Бұл елдер оның айтқанын амалсыз орындап тұрды. Хән әулеті Қаңлыға үш дүркін елші жіберіп, Гу Жи бастаған адамдардың мәітін қайтарып беруді талап еткенде, Тезек тәңірқұт жарлыққа бағынғанды қойып, Хән елшілеріне қорлық көрсетіп, қысым жасады. Ол ол ма, басқақ арқылы патшаға жолдаған хатында: «Мен, Тезек тәңірқұт, қазір күн көре алмайтын қайыршы халге түстім. Құдіретті Хән еліне қол артып, оның айтқанына көніп, айдағанына жүреін деген ниетім бар. Ұлымды сарайға ақ үйлі аманатқа жібермекпін деп сайқымазақ етті. Оның өpкөктігі міне, осындай дәрежеге жетіп еді» (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері).

    Әрине, қытай жылнамалары мүмкіндігінше, Тезек тәңірқұтты ата жау қылғандықтан, біржақты қаралап көрсетуге күш салып отырғанын байқамауға болмайды. Тезек тәңірқұттың Талас өзеннінің бойын мекендеп, онда қазіргі Тараз қаласының маңында өзінің астанасын тұрғызғаны белгілі. Бұл қала Тезек тәңірқұт қаласы деп те аталған. Мұның өзi осы тұста Қаңлы мемлекетінің шығыстағы шекарасы Талас өзені бойынан басталған болса керек деген қорытындыға итермелейді. Сонымен бipгe Қаңлы ханының Тезекті қастерлеп, оған қызын бepiп, құдандалы-жекжат болуы Қаңлының Қытайдың жаулау саясатына қарсы ғұндардың қалдығымен 6ipiгiп күресу жолындағы қадамы және көрші орналасқан басқа да жау мемлекеттерге көрсеткен қыры деп қаралуы тиіс деп ойлаймыз», — деп қорытынды жасайды тарихшы мамандар.

    Әрине, Тезек тәңірқұтты жоймай, Қаңлыға да, Үйсінге де ықпал жасай алмайтынын Қытай билеушілері жақсы түсінді. Осыған байланысты қытайлықтар өздерінің өкілдерін және елшілерін батысқа аттандырудан бас тарта қойған жоқ. Мұндағы мақсат Тезек тәңірқұтты биліктен ығыстырудың жолын іздестіру еді. Осыған байланысты қытай жылнамаларында мынадай жолдар бар: «Жянжаудың 3 жылы (б.з.б. 36 жыл) Чын Тан Гэн Яншоумен  бірге Батыс өңіріне барды. Чын Тан орнықты, ержүрек, ұзаққа көз жібергіш, айлас мол, ерлік көрсетуге құмар жан еді. Жолшыбай қамалдардан, озендер мен таулардан өткенде биікке шығып, алысқа көз жіберу әдеті бар еді. Ол шетелге елшілікке шығу міндетін алған соң, Гэн Яншоуға ақыл салып: «Рей-тиектер аталы нәсілдерден жасқанғыш келеді, бұл олардың сүйегіне біткен табиғаты. Батыс өңір тегінде ғұндардікі еді, қазір Тезек тәңірқұттың айбыны асып, Үйсін  мен Дад-уанға шабуылдады, Қаңлыға кеңес салып, оны өзіне бағындырмақшы. Егер осы eкі елді қолына қондырса, солтүстікте Ілеге шабуыл жасайды, батыста Парфияны басып алады, оңтүстікте Нүкіс пен Александрияны жояды. Бірнеше жылдың ішінде қала-мемлекеттердің бәpi де қатерге ұшырайды. Онын үстіне Тезек тәңірқұт әпербақан, соғыс құмар, талай рет жеңіске жеткен адам. Оны осы бойынша ecipтe берсек, түбінде Батыс өңірге пәле болып жабысары хақ. Тезек тәңірқұт аса шалғайда жатқанымен, айналып келгенде, берік қала қорғаны, пәрменді қару-жарағы жоқ жабайы қауым ғана… Дегенмен, Қытайдың алдынан Ғұн мәселесі шыға бергендіктен онымен көршілес жатқан қаңлыларға қалай да ықпал етуді көздейді. Өйткені Қаңлылар Ғұндармен одақтасқан кездері аз болмаған.

    (жалғасы бар)


    Ардақ БЕРКІМБАЙ

     

     

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Еуропаға мәдениет апарған Аттила қалайша жабайы болады?

                                                               …Ерте күнде отты Күннен Гун туған, Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам, ...