• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Тарихы көне, тамыры терең » Әлихан БАЙМЕНОВ: Сүтемген Бүкіров есімі музейге беріулі керек

    Әлихан БАЙМЕНОВ: Сүтемген Бүкіров есімі музейге беріулі керек

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің 40 жылдық мерейтойына және Астана қаласының 20 жылдығына арналған Республикалық «Көкжиегі кемел музейлер» атты музейлер фестивалі өтті.

     ФЕСТИВАЛЬДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

     Фестиваль шымылдығы республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері «Шалқыма» би ансамблінің «Ирис гүлдері» биімен түрілді. Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің алаңына жүргізушілер – Арман Кенжебек пен Балнұр Бектібай шығып, фестивальді бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл фестиваль Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына және Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің 40 жылдығына арналды.

    Музейлер фестиваліне Қазақстанның әр жерінен Жезқазғандық музеймен қоса есептегенде 13 музей қатысты. Олар:

    Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық музейі, «Қорқыт ата» мемориалды музейі, Қарағанды облысының тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды облысының бейнелеу өнері музейі, Балқаш қалалық тарихи-археологиялық музейі, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, Шет ауданы археологиялық-этнографиялық музейі, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі, Бұқар жырау тарихи-өлкетану музейі, Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі.

    Фестивальдің алғы сөзі Астанадағы мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы, мәдениет және ұлт жанашыры Әлихан Байменовке берілді. Әлихан мырза музейдің алғаш іргетасын қалаушы және тұңғыш директоры, өлкетанушы, археолог, этнограф Сүтемген Бүкіровке Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің атауын беру жөнінде ұсыныс айтты. Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, Жезқазған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры Зинаида Чумакова, Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаева, Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Төлеш ж.т.б. кісілер құттықтау сөз сөйлеп, музейді мерейтойымен құттықтады. Сөз сөйлеушілердің  көпшілігі музей атауын Сүтемген Бүкіровтің есімін беру жөнінде бастама көтерді.

    Музей – ел шежіресі, тарихымыз, бүгініміз бен ертеңіміз. Музей – көненің көзіндей, өткеннің өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, оларды келешекке сақтап жеткізетін, мәдени-тарихи мұраларды тереңінен зерттейтін, мәдени-ағарту деңгейін көтеретін ғылыми-зерттеу және мәдени  ошағы. Музейде тарих тереңінен сыр шертетін ұлан-ғайыр ұлағат, ұялап жатқан мол қазыналарды тамашалай отырып көзге көрініп, қолға ұсталмайтын, санамен ғана сезінуге болатын толағай тербелістер құдіреті адамды баурап алады.

    «Алғабас» театрының артистері ән шырқап, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.

    Өз кезегінде Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі Қайрат Әбеуов те Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін орындады.

    С.Қожамқұлов атындағы музыкалы драма театры артистерінің дайындаған «Бұлантының бойында» атты сахналық қойылымы фестиваль қатысушыларының назарына ұсынылып, зор қошеметке ие болды.

    ҚР Мәдениет қайраткері Рахмет Сексенбаев пен Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі Мира Бакибаева «Мы бережем историю страны» әнін орындады.

    Фестиваль бағдарламасына енген тал отырғызу рәсіміне –    Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев,  қалалық Аналар кеңесінің төрағасы, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры Зинаида Чумакова,                                    «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры, Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының Phd докторанты Арман Әубәкір қатысты.

    Музей қызметкерлерінің басты мақсат-мұраты – ата-бабадан қалған ұлттық құндылықтарды, бай мұраларды көздерінің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу. Осы мақсатта музей қызметкерлері тынбай еңбек атқарып келе жатыр. Музей қорын құнды әрі сирек кездесетін жәдігерлермен толықтыру    мақсатында музей қызметкерлері 2017 жылы «Тарихта өз атыңды қалдыр» акциясын өткізді. Акция барысында 600-ге тарта жәдігер жинақталып, көрнекті қайраткер, әнші, сазгер, айтыскер ақын Тайжанның сырнайы, жазушы, өлкетанушы Қуаныш Ахметовтің жеке кешені, қолжазбалары, кітаптары, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Жанділдә Майлиннің жеке заттары музей қорына табысталды. 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында өткен акцияда Ұлытау-Жезқазған өңірінің тұрғындарынан  музей қорына 300-ге тарта тарихи маңыздылығы бар жәдігерлер өткізілді. «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясына белсене қатысып, музей қорына құнды жәдігерлерді сыйға тартқан Ұлытау-Жезқазған өңірінің тұрғындарына музей атынан алғысхаттар табысталды.

    Әр жылдың өзіндік бір ерекшелігі бар. 2018 жыл  Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлері үшін ерекше жыл. Ұлттың тарихын түгендеп, ұрпаққа қалдыруды мақсат еткен музейдің есігін алғаш рет ашып, сапалы қызметін халыққа ұсынғанына 40 жыл толуы.

    Фестиваль жұмысы әрі музей алаңында орналасқан «Жезқазған – шеберлер мекені» атты көрме-жәрмеңкемен жалғасын тапты.

    Көрме-жәрмеңкеге жергілікті қолөнер шеберлері мен суретшілері Зейнолғабдин Мұхамедин, сонымен қатар оқытушылар  Алтынай Ташимова, Айгүл Ахметова, Тамара Ширина, Келіс Сазанбаев, домбыра шебері Сарыбас Жүнісов, қолөнер шеберлері Жұлдызай Әжібекова, Тамара Григорьевна, Базаркүл Алтынбекова, Асыл Исатаев қатысты.

    Түркімен этномәдени бірлестігінің өкілдері де көрме-жәрмеңкеге арнайы қатысты.

    Музей қорын құнды әрі сирек кездесетін жәдігерлермен толықтыру    мақсатында ұйымдастырылған «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясына белсене қатысқан тұрғындар жайлы қосымша мәліметтер:

    1. Жезқазған қаласының тұрғыны Шубаева Аниза Шубайқызы музейге гобелен стилінде тоқылған орындыққа арналған төсенішті сыйға тартты.  Түрлі-түсті жіппен, қой жүнінен арнайы тоқылған төсенішті анасы Отызбаева Күлай қызы Анизаға 1970 жылы жасауына тіккен екен.
    2. Түйемойнақ елді мекенінің тұрғыны Жақыпбеков Мүсірәлі Нұрымұлы атасы- Жақыпбек Жылыбайұлы мен әжесі Бал Мезілбайқызынан қалған ағаштан жасалған табақ, піспек және шойыннан жасалған шоқ өтекті музейге сыйға тартты.
    3. Бекмағанбетова Жұлдызай Әуезханқызының музейге сыйға тартқан Петропавл қаласындағы Комсомолка тігін фабрикасында тігілген баланың   пальтосы мен баскиімі акция барысында музей қорын  толықтырды.
    4. Теректі ауылының тұрғыны Шамбулов Ерлан Рымбекұлы 1973 жылдары пайдаланған әкесінің жазба машинасын және радиосын жәдігер ретінде музейге өткізді.
    5. Жезді кентінің тұрғыны Мизамбаева Қамария Көшербекқызы музейге орыс халқының сувенирлерін, қолөнер туындысы чеканканы және қалта сағатын өткізді.
    6. Жезқазған қаласының тұрғыны Жуйкова Хадиша Орынсейітовна музейге суретші-өңдеуші Ширина Тамараның қолөнер туындылары: «Таңғы букет» барьелефін, майлы бояумен ағашқа салынған суреттерін акция барысында өткізді.
    7. Жезқазған қаласының тұрғыны Айтенова Орынбасар Төлегенқызы атасы, Ұлы Отан Соғысының ардагері Айтенов Әуездің жеке құжаттары мен әмиянын және әжесі, тыл ардагері Смаилова Базының жеке құжаттары мен ұршығын музейге өткізді.
    8. Жезқазған қаласының тұрғыны Еркімбекова Орынбасар Еркімбекқызы 1965 жылдары сиясауыт пен 1981 жылдардағы пайдаланған шыны ыдыстарды акция барысында өткізді.
    9. Жезқазған қаласының тұрғыны Демесінов Қыдырбек Сейтенұлы 1946 жылдары еңбекте пайдаланған күрек пен қалақты музейге өткізді.
    10. Жезді қалашығының тұрғыны  Костенко Надежда Ефимовна орыс халқының қолөнер туындысы кестеленген, тоқылған салфеткаларын музейге өткізді.
    11. Жезді қалашығының тұрғыны Абдикаримова Қарлығаш Қасымқызы әжесінен қалған 1985 жылғы сырмақ пен орыс халқының жіп иіруге арналған құралы – прялканы музейге сыйға берді.
    12. Сәтбаев қаласының тұрғыны Тобашев Балтабек Ашықбайұлы әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері,  Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалінің иегері Тобашев Ашықбайдың құжаттары мен саптама етігін музейге өткізді.
    13. «Жезқазған маржандары» хор ұжымының  дипломдары, Алғыс хаттары және фотосуреттері музей  қорын толықтырды.
    14. Сәтбаев қаласының тұрғыны Сембетов Кәдірбай Мұхамбедияұлы  анасы,  «Батыр ана» орденінің және «Алтын алқа» белгісінің иегері Сембетова Жәметтің диірмені мен сырмағын музейге сыйға берді.
    15. Жезқазған қаласының тұрғыны Бөлен Хансейіт Ибрагимұлы 1949 жылдары  «Степлаг» түрмесіндегі отырған саяси тұтқындардың жазған хаттарын акция барысында өткізді.

     

    «КӨКЖИЕГІ КЕМЕЛ МУЗЕЙЛЕР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР САЙЫСЫ

     

    С. Сейфуллин  кітапханасының  үлкен  залында өткен

    «Көкжиегі кемел музейлер» атты Республикалық музейлер сайысы өтті.

    Фествальде бақ сынаған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық музейі, «Қорқыт ата» мемориалды музейі, Қарағанды облысының тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды облысының бейнелеу өнері музейі, Балқаш қалалық тарихи-археологиялық музейі, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, Шет ауданы археологиялық-этнографиялық музейі, Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі, Бұқар жырау тарихи-өлкетану музейі, Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі, Жезқазған тарихи-археологиялық музейі және тағы басқа музейлер өзара тәжірбие алмасып, өз артықшылықтарымен бөлісті. «Көкжиегі кемел музейлер» атты сайысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 музейдің және Жезқазған музейінің қызметкерлері өздерінің жобалары  мен жұмыстарын көрсетті. Көрсетілімді ұйымдастыру шарты 3 кезеңнен тұрды.

    1-ші кезең – «Музей – мәдениет ошағы». Музейлер таныстырылымы (бейнеролик немесе слайд түрінде);

    2-ші кезең – «Жаңа әлемдегі музейлер». Музейдің инновациялық жобалары (бейнеоролик немесе слайд түрінде) таныстырылды;

    3-ші кезең –  «Жанданған тарих іздері» (кітап, кітапшалар, журнал, буклет, жинақ – музейдің полиграфиялық өнімдері көрсетілді).

    Сайыстың қазылар алқасы:

        Күміс Сейітова – ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің

    Заң қызметі департаменті директоры, қазылар алқасының төрағасы;

    Зинаида Чумакова  –  Қазақстан халқы Ассамблеясының

    мүшесі, «Қоғамдық келісім кеңесі» төрағасының орынбасары,

    қалалық Аналар кеңесінің төрағасы, Жезқазған бизнес және

    көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры;

    Арман Әубәкір – «Адырна» ұлттық-этнографиялық  бірлестігінің

    директоры, Б.Сүлейменов атындағы шығыстану

    институтының Phd докторанты.

    Анар Есмағанбетова  – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер

    және   құжаттама басқармасының мәдениет және

    өнер ұйымдарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы;

    Гүлжан Кударинова  – «Рухани Жаңғыру» Қарағанды облысының

    өңірлік жоба офисінің менеджері.

     

    «ҰЛТ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАУШЫЛАР»

    Музейдің  40  жылдық  мерейтойы  аясында Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өткен «Ұлт мұрасын ұлықтаушылар» атты музей қызметкерлерін марапаттау іс-шарасы ұйымдастырылды.

     

    «Ұлт мұрасын ұлықтаушылар» атты музей қызметкерлерін марапаттау іс-шарасы республикалық, халықаралық сайыстардың жүлдегері «Шалқыма»  би ансамблінің орындауындағы «Мұра» биімен басталды.

    Қатысушылар назарына «Жүректерде сақталған жылдар» бейнеслайды көрсетілді. Шара барысында Т. Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі, республикалық, сайыстардың жеңімпазы, Жақсыкелді Сейілов атындағы I облыстық әншілер конкурсының Гран-при иегері Руслан Исмаиловтың  орындауында «Өз елім» әні,       Халықаралық, Республикалық байқаулардың  Гран-при иегері Мади Аманбаевтың орындауында «Қазақстаным алға» әні, Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі Сағымбай Мәлібековтің  орындауында Біржан салдың әні «Ақ серкеш» әні,         Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі Перизат Несіпбаеваның орындауында «Туған жер» әні шырқалды.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің Заң қызметі департаменті директоры, музейде бұрын директор орынбасары болған Күміс Сейітова, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаева,  қалалық Аналар кеңесінің төрағасы, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің қоғаммен байланыс орталығының директоры Зинаида Чумакова, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының басшысы Бахтияр Қожахметов, «Адырна» ұлттық-этнографиялық  бірлестігінің директоры, Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Phd докторанты Арман Әубәкір және тағы басқалар Жезқазған қалалық тарихи-археологиялық музейі мен оның басшысы Раушан Қапароваға алғыс хаттар мен түрлі марапаттар ұсынды.

    Шара барысында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің 40-жылдық мерейтойының ойдағыдай өтуі үшін демеу беріп, зор ықпалын тигізген ұлт, руханият және мәдениет жанашырларына алғыс айтылды.

    Ұлт, руханият және мәдениет жанашырлары: Астанадағы мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев, «Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов, «Нұр Отан» партиясы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Гүлмира Каженова, ҚХА Жезқазған қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыстық Мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподағының төрағасы Төреқожа Тілемісов, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Нұрлыбаева, Жезқазған қалалық Мәслихаттың депутаты, Бизнес және көлік колледжінің директоры Светлана Жұмкина, Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің басшысы Жалғасбек Сейітов, Т.Қалмағанбетов атындағы Жезқазған филармониясының басшысы Рахмет Сексенбаев, С.Қожамқұлов атындағы сазды драма театрының басшысы Еркебұлан Жұмакенов, С.Сейфуллин атындағы кітапхананың басшысы Ғалия Түгелбаева, Самға» ЖШС басшысы Абай Байдильдаев, «Арай» ЖШС директоры Мұсабек Төлегенов, Жезқазған аймақтық Халық банкі филиалының директоры Самат Әбенов, ЖШС «Ютария» компаниялар тобының Бас  директоры Сәуле Шәуенова, «Дәулетбаева» Жеке Кәсіпорыны, «Мәдина» кафесінің басшысы Фарида Дәулетбаева, «Асар» баспасының директоры Сәрсенкүл Доскенқызы Битанова.

     

    МУЗЕЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ТАҚЫЛАНДЫ

     

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы музейлердің атқаратын рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы музейлердің атқаратын рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында 15 мамырда сағ.10.00-да өтті.

    Ғылыми-тәжірибелік конференцияның модераторы музейдің тарих және археология бөлімінің басшысы Қабдол Әуезов болды. Заң ғылымдарының докторы, профессор, академик Жамалладин Ибрагимов, музей басшысы Раушан Қапарова, «Адырна» ұлттық-этнографиялық  бірлестігінің директоры, Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Phd докторанты Арман Әубәкір, музейдің тарих және археология бөлімінің басшысы Қабдол Әуезов алғашқылар қатарында ғылыми баяндама жасады.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы музейлердің атқаратын рөлі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында дайындалған ғылыми жинаққа барлығы 74 баяндама кірді. Ғылыми жинаққа баяндама ұсынуда Республиканың 13 музейі, Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған қалаларының университеттері, Алматыдағы Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институты, қаламыздағы колледж бен мектеп оқытушылары белсенділік танытты.

    Конференция соңында қаулыда осындай конференцияларды 2 жылда 1 рет өткізіп тұру ұсынысы қаралды.

    15 мамырда, фестивальдің 2-ші күнінде фестиваль қатысушылары «Теректі Әулие» археологиялық кешеніне экскурсия жасады. Экскурсияны музей қызметкерлері Қабдол Әуезов пен Алтынай Бірмұханова жасады.


    «Адырна» ұлттық порталы

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Академиктің тарихи тағылымы

    Советтік тоталитарлық қоғамның ызғарлы кезінде-ақ, Кеңес аға 38 жасында тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленген ...