• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Тарихы көне, тамыры терең » Аштық жайлы естеліктер: «Бір үйір жылқыны сайға қамап, пулеметпен қырып салды!»

    Аштық жайлы естеліктер: «Бір үйір жылқыны сайға қамап, пулеметпен қырып салды!»

    Аштық жайлы естеліктер ел арасында өте көп. Олардың ауыр әрі қасіретті екені соншалық, жүректі сыздатып, көзге жас әкеледі. Солардың бірқатары міне мыналар:
    Рысқұлбек Ауғанбайұлы:
    – Тікелей аштықтан біздің ауылдағы Сиқым руының Асан деген атасынан 70 үйден 1933 жылдың аяғында 8-ақ түтін қалды. Жуалы ауданындағы Алексеевка, Некрасовка, Кантемировка, Успеновка, Благовещенка, Казенка, Петровка, Зыковка, Евгеньевка, тағы басқа толып жатқан орыс елді мекендері айналасының бәрі аштық пен жоқтықты енгізе қоймаған. Бүкіл аудан, облыс, республика көлеміндегі тілі сумаңдаған ажал қазақ ауылдарының ортасында отырған орыс ағайындарының қылын да қисайта алмаған.
    Момынқұл Пірәліұлы:
    – Жуалы қысы өте қатты. Боран 3-4 тәуілікке созылатын. Бір жазған өзінің астығын белсенділерден қорқып даладағы шарбаққа көміпті. 1932 жылы 6 тәулік соққан боранда ол өзінің тыққан ұрасын таба алмай, үй-ішімен қырылып қалды.
    Ә. Марғұланның естелігінен:
    1932 жылы елдегі ашаршылықты естіп, жолға шықтым (Онда Ленинградта оқып жүрген кезім). Фрунзеге келгенде жүрегім сыздап сала берді. Босқындар (қазақтар) көшеде жүргізбейді. Көбісі – Солтүстік аймақтан. Шыдай алмай, Қырғызстан атқару комитетінің председателіне келдім. Қолымнан келген көмегім сол ғана. Содан Алматыға бет алдым. Голощекинге кіру қауіпті. Елдің өз астығын өзіне қимау не сұмдық. Елге жетсем, ауылдың орнынан басқа ештеңесі қалмапты. Шешем Қарағандыға бара жатып жолда өліпті. Арғы атамыздан қалған араб, монғол, түркі тілінде жазылған, кейі өгіз терісіне басылған жазбалар бар еді. Оның баршасы жоғалыпты.
    (Қ.Аманжолов. «Мешін жылғы қасірет». «Ақиқат». № 7. 1992 ж.)
    Голощекин геноциді кезінде қазақ сахарасының 40 миллион малы өсіп-көбеюдің орнына бірінші бесжылдықтың екпінді құрлыстарына: Донбасқа, Кузбасқа, Магнитогорскіге, Днепрогэске, Қарағандыға ет болып тоғытылды. Сөйтіп малмен бірге қазақ халқының өзі де бірінші бесжылдықтың құрбандығына шалынды… Егін екпейтін елге астық салығы салынды… Семей, Кереку қалаларында қойма-қойма, вагон-вагон етті шіріткен, бірақ ашыққандарға бермеген… Ұлытау маңында бір үйір жылқыны сайға қамап, пулеметпен атқылап, қырып салған…


    Дереккөз: http://www.dalanews.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Академиктің тарихи тағылымы

    Советтік тоталитарлық қоғамның ызғарлы кезінде-ақ, Кеңес аға 38 жасында тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленген ...