• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Түріктану » «Мүмкін емес, Шыңғыс хан — қытай!»

    «Мүмкін емес, Шыңғыс хан — қытай!»

    Мен оқып жатқан тілдік курста әр құрлықтан келген әр ұлттың өкілдері бар. Әдеттегідей 20 студенттің бесеуі қытай.
    Сабақ арасында әңгіме, неден басталып кеткені есімде жоқ, Шыңғысхан тақырыбына ойысты. Ұлы қаған жайлы өзге ұлттар, өзге құрлықтың адамдары аса сауатты емес екен. Қызығушылық та таныта қойған жоқ. Бірақ, қытайдың бір-бірінен алшақтау облыстарынан келген бес қытай да «Шыңғысхан – қытай» деген пікірге табанды және құдайдай сенедіекен.
    Мен олардың қытайдың есебіне жығып беріп, бұрмаланған тарих оқулықтарын мектепте сабақ ретінде оқығанын жақы білем. Сондықтан да Шыңғысханды қытай дегеніне аса таң қала қойған жоқпын. Оның үстіне Сұң империясын тарих тағынан тайдырып, бүкіл шығыс азияға ықпалын жүргізген Құбылай және ол құрған Юуан империясы үшін де олар Шыңғысханды тәуелдеуге құмар. Аздап мәдениет пен тарихтан сауаты бар адам бұл ақиқаттың астарын сезе қояды.
    Бірақ мені таң қалдырған мүлде басқа жағдай. Дау қыза келгенде мен оларға кітапханаға барып тарихи кітаптарды оқып әуре болмай-ақ, «Байду百度»-дан емес, «Google-ге» сүйеніп деректер іздеп көруін өтіндім (Қытайдағы интернеттен іздеу жүйесі тек осы байдуға ғана сүйенеді. Ал GOOGLE және осы компанияға қатысты барлық құрылғы бұл мемлекетте бұғатталған). Әрине, айналасы бес минутта Шыңғысханның қазақ болмаса да, оның қытай емес екеніне көзі әбден жететін деректерді көріп көздерінің алақандай болғаны еді. Олардың жүзіндегі таңданыс бейне асыранды баланың отыз жыл бойы өзін бағып-қаққан адамның биологиялық ата-анасы емес екенін әлде кімнен естіп тұрған сәтіндей еді. Олар мұны қабылдай алмайды екен. Бәрібір мойындаған жоқ. Көзі жетті, көңілі пәсейді. Бірақ, жүздерінде «бұл мүмкін емес» дегенді білдіретін ызалы таңырқау әлі бар.
    Міне, Шыңғысханды тәуелдеп, оның тұлпарының тұяғы тиген жердің бәрін меншіктеуді ұрпақ санасында шегемен қаққандай етіп орнатып тастаған бұл идеология – бейне, ДІН секілді. Көңілдеріне күмән, күдік түсіп тұрған сәтте де бұл сенімнен ешқашан мызғымайды.


    Қайсар ҚАУЫМБЕК, 

    ФБ-дағы парақшасынан

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Жошы Ханға ие болайық!

    Қазіргі күнде төл тарихымызды түгендеуге көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушы, зерттеушілеріміз үлкен үлестерін қосып жатыр. Қуанамыз! Алайда, ...