Ақ қар мен көк мүздың іргесі сөгіліп, әлемге жылық пен сұлулықтың шуағы төгіліп, күн мен түннің теңесуі кезінде әлемнің бірқатар елдері Наурыз мерекесін қарсы алады. Наурызды 14 наурыз «көрсу күнімен» басталатын бұл мереке 1991 жылы 15 наурызда Қазақ­стан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болған. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мейрамы» деп жариялады.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз “Халықаралық Наурыз күні” болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде “Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан, түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орталық Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын” мәлімдеді. Ал UNESCOболса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

Елімізде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Наурызды тойлауда өзіндік бір ықыласпен ұлттық бояуларға толы үрдісі белең ала бастады. Бірақ, жылдар өте  ұлттық мереке ретінде өзіндік белгілері мен тұтас халық болып тойлаудың өзіндік үлгісін қалыптастыра алмаған сияқты. Тіпті кейінгі кездері  «Жаңа жыл» мерекесі сияқты бұқаралық сипатқа ие бола алмай, белгілі саханалық қойылымдар мен концерттік бағдарламалар аясынан аса алмай келе жатқаны туралы көбірек айтылып жүр. Сол себепті де халық арасында «Наурыз мерекесінің» мерейін асырып, халық болып тойлаудың жаңа үлгісін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылып жүр. Осы сияқты ұсыныстар қарапайым халық жағынан ғана емес, соңғы кездері биліктегі тұлғалардың да ауызынан айтылып жүр. Соның бірі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Егемен Қазақстан» газетінде наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде сұхбат беріп, ұсыныстарын ортаға қойған екен.

Арыстанбек Мұхамедиұлы схбатында «Наурыз біздің ең бірінші мерекеміз» дей келе Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласында: «Жаңа тұрпатты жаң­ғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Он­сыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаң­ғы­рық­қа айналуы оп-оңай», – деп айт­қанын тілке тиек етіп, Наурыз мерекесі біз үшін ұлттық код ретінде саналтынын айта келіп «Наурыз мейрамына жаңа рең беру үшін адамның ұлтына, діни бағыныстылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтар­ға мән бергеніміз абзал. Қазақстан халқы түгел қамтылатындай маз­мұнын жасау керек. Бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі бәрімізге қатысты», – деп Наурызды фолкьклордық-этнографиялық ауқымннан жалпы қазақстандық мереке дәрежесіне жеткізу керек деп өзінің сегіз ұсынысын айтыпты.

Министрдің ұсыныстары Наурыз мерекесін балаларға арналуы керек дегеннен басталып, «Наурыздің бірінші мағынасы да, сәні мен салтанаты да балдырғандар болуы тиіс», – деп атап өтіпті. Қазақ халқы «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады» деп атап өткендей біздің ұлттық сипатымыз бен мінезімізді өскелең ұрпаққа сіңіру жолы салт-санамызды нәсихаттайтын ұлттық мерекелеріміз. Елбасы айтқан ұлттық код ұрпаққа осындай ұлттық құндылықтарды нәсихаттаумен келеді. Балдырғандар Наурыздың сәні де мағынасы болсын деген сөз, Наурыздың қадыр-қасиетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіре біліу болып табылады. Сол үшін де мерекеміздің бала санасына сіңімді болып, балдырғандарды неқұрлым көп қызықтыратындай болуы керек. Қыдыр ата Аяз атаның деңгейіне көтеріліп, балаларға қызықтыратындар түрлі ойындар қойып, балалар арасында қызықты конкурстар өткізген абзал деп ойлаймын. Әсіресе асық, тоғыз құмалақ, хан дойбы сияқты ұлттық ойындарды балалар арасында кең көлемді нәсихаттап, мерекелік көңіл күй сыйлап, балалар ортасын қуанышқа бөлеген жөн.

Бұған дейін де түрлі мерекелер мен сауық кештерге ұлттық киімдерді киіп жүру туралы ұсыныстар көп жерде айтылып келеді, минстрдің сұхбатында бұл туралы да ұсыныс айтылыпты. Бұл турасында біздің ұлттық киімдерді қай кезде болса да киіп шығуға лайықтап, заман талабына сай икемдер болсақ, мереке-мейрам емес жәй кездерде де тым құрығанда той-томалақта киіп жүрсек те сәнімізді асырмаса кемітпейтін еді. Бұл жөнінде министр ел арасында ұлттық кимге сұраныс пайда болса, кәсіпкерлер сапалы өнімге көңіл бөліп, экономиканың да қозғаушы күшіне айналар еді деген пікірін білдіріпті.

Сонымен бірге, Арыстанбек Мұхамедияұлы Наурыз мейрамының рухани-мәдени тәрбиелік мәнін іс жүзінде өмірге енгізуді ұсынуды айта келіп «бұл мақсатта Наурыздың 21-і күні сипатын ашатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр салтты жаңғыртатындай отбасы күні, қайырымдылық жасау күні, ақ дастархан күні, тал егу күні деп  мазмұн бере отырып, рухани іс-шаралар неге қалыптастырмасқа» деп атап өтіпті. Негізінде Наурыз мерейрамының мән-мағынасы мен мазмұны ежелден-ақ осы сипатта келе жатыр емес пе? Наурызда қазақ қыстан қалған сүрісі мен соғымның кәрі жілігін асып, туыс-туған, құда-жұрат, бала-шағаны жинап, көктемге есен жеткенді құттықтап ақ дастарын жәйіп, сыбалғаларын береді. Бұл наурыз мерекесінің отбасылық та, бұқаралық та сипатын ашып, кең көлемді тойлануың негізгі мазмұны десек болады. Өкінішке орай, қалалық мәдениетіміз осы ғасырлардан жалғасқан салтымызды толықтай атқаруға мүрса бермей отырса керек. Дегенмен, әлі де  болса салтымызды жандандырып, қала да болса да, ауылда болса да Наурыздың демалысқа берілген үш күні ақ дастарханымыз жайулы тұрса құба-құп болар еді. Наурыз мерекесі жаңғыру мен жаңарудың басы. Министр айтқандай Наурыздың бір атрибуттық белгісі – қызғалдақ болса, енді бірі ағаш егу. Мереке күні аналарға, қыз-кеншектерге гүл сыйлап көңілге құштарлық сыйласау мен қатар тал егіп тәбиғат анаға да құрмет көрсетіп, табиғат қайта түлеген көктемнің сәніне сән қосуға үлес қосудан ғаламат іс болмас.

Қазақ халықы ежелден жетімі мен жесірін  жылатпаған халық дегендей мереке мен мейрамда ғана емес, қай кезде болсын садақа мен қайырылмдылық жасауды ешқашан ұмытқан емес. Ал мереке мейрамда жетімді жебеп, қазыналы қарттан бата алып жатсаң оның сауабы мен қуанышы одан да бөлек екенін бүгінгі қазақ қоғамы да түсініп жеткен. Қазірдің өзінде жеке тұлғалар мен қоғамдық ұйымдар, қорлар Наурыз қарсаңында түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп, мерекенің мерейін асырып келеді. Осы сииқты министрдің  айтқан кейбір ұсыныстарының  қазіргі кезде де орындалып жатқаны да аз емес. Арыстанбек Мұхамедияұлы: «Керек десеңіз, Наурыздың рухани мәр­тебесі үшін, жыл сайын қыс айларында дәстүрлі берілетін әдебиет пен өнер саласы қайраткерлеріне арналған сыйлықтардың табыс ету мерзімін де Наурыз мейрамына ауыстырған абзал», –  дегеп атап өткен ұсыныс та қазіргі дейін орындалып да жатыр. Оған мысал ретінде айтар болсам, 23 наурыз күні Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында «Қызай ана» қоғамдық қоры биыл 7- рет Наурыз мерекесін атап өткелі отыр. Аталған қор осы жылдар ішінде Наурыз мерекесінде үздік  студент  мен оқушылар стпендия тағайындап, оқушылар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырып келеді. Сонымен бірге үш жылдан бері жас ақындар арасында жыр мүшәйрасын өткізуде. Өткен жылы Алаш Орданың 100 жылдығына арнаса, биыл әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арнап өткізуде. Жеңімпаздар осы мереке аясында марапатталады. КР өнер қайраткерлерінің қатысуымен меркелік концерттік бағдарлама беріп, ауыл халқына мерекелік көңіл күй сыйлап ғана қоймай, ауылдың инфрақұрлымы мен абаттандыру жұмысына атсалысып келеді. Бұл Наурыз мерекесі аясында өтетін іс шараның бір мысалы ғана. Бұдан басқа да белсенді азаматтар мен ұйымдардың өткізіп жатқан игі шаралары қаншама? Алдағы уақытта осындай шаралардың көбейе түсерінен де үміттіміз.

Наурыз ежелден ақ қазақ даласында береке мен бірліктің ұйытқысы болған. Алдағы уақтта да жалпы жаңарып, заманға сай жаңа мазмұндармен толығып, елдіктің жырын жырлар меркеге айнала берері анық. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасып, сүзгіден өткен жақсы дәстүр ұлт пен ұлыстың жарқын болашағының кепілі. Шығыстағы көршілеріміз Қытай, Жапония, Кория ата дәстүрлерін бойтұмар тұтады. Керек десеңіз, діннен де жоғары қояды. Соның арқасында заттық негізі берік, руханияты айналасына үлгі болған мемлекет құрып отыр. Наурыз мерекесі аясында біздің халқымызда да көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Бұның бәрі Арыстанбек Мұхамедияұлы мырза жоғарыдағы сұхбатында жан-жақты ашалап айтты. Елбасы былтыр ортаға қойған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» идеиясы толығып, кемелдене түсті деп білеміз. Енді әрбір Қазақ елінің азаматы мерекенің қызықты да түбірлі өтуіне атсалысып, мерекені атап өтудің ұлттық жаңа үлгісін қалыптастыруға толықтай атсалысады деген ойдамыз.


Омарәлі Әділбекұлы,

 «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Төрағасы      

Abai.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ