• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Салт-дәстүр » Мөдеге кеңесшісі: «Қымызды қытай шарабына, қой терісін жібекке ауыстырсақ — құл боламыз!»

    Мөдеге кеңесшісі: «Қымызды қытай шарабына, қой терісін жібекке ауыстырсақ — құл боламыз!»

    Б.з.д IV ғасырда Азия төсінде 24 тайпаның басын құраған ұлы одақ дүниеге келді. Яғни, әйгілі бабаларымыз ҒҰНДАР! Олардың барлығын шанью басқарып тұрды. Алайда өзара алауыздық пен ішкі талас-тартыс ғұндарды екі ғасыр бойы күшіне енуіне кедергі жасады. Ал Қытай елі болса сол алауыздықты пайдаланып, кішігірім бірлестіктерді талқандай бастады. Ғұндарды басқарып тұрған Тұман саяси стратег бола алмады. Ол сыртық күшке қаруы мен әскерінің жеткілікті екеніне қарамастан қарқынды қарсылық көрсетпеді. Аталмыш жағдай Тұман мен оның үлкен ұлы Мөде арасындағы жағдайды тым ушықтырып жіберді. Мөде әскерді күшейтіп, жау қабырғасын қақыратып тастауды көздеген болатын. Әкесінің ойы ұлы Мөденің мақсатымен тұспа-тұс келмеді. Ақыры Тұман Мөдені соғдылықтарға кепіл ретінде беріп, артынша өзі соғды тайпаларына соққы жасады. Бұл Мөденің өлтірілуіне жасалған алдын-ала жоспар болатын. Дей-тұра тарих толқыны көрсеткендей, Мөде бабамыз соғдылықтардан тірі шығып, өз жеріне жетті. Оның бұл әрекеті ғұндарды сүйсіндіріп, Тұманның өз баласына 10 мың жасақты басқаруы үшін жол ашуға мәжбүрледі. Мөде түменбасы болып, әскерін жаттықтырды. Сын сағаты соққанда әскери төңкеріс жасап, әкесі Тұманды тақтан тайдырды. Тұман өлтірілді, Мөде жаңа шанью болып тағайындалды. Бұл б.з.д 209 жыл еді. Міне осы уақыттан бастап ғұндар өздерінен саны жүз есе көп қытайлықтарды сан ғасыр бойы қан қақсатты.  Б.з.д 202 жылы Қытайда Хань империясы өмірге келді. Жаңа империя ғұндарды бағындырмақ болды. Алайда Мөде жау әскерінің көзіне көк шыбын үймелетіп, саны мен қаруы басым жауды тізе бүктірді. Жеңілген Хань императоры ғұндарға қызын беріп, жыл сайын салық төлеп тұруға келісті. Салық ретінде қымбат маталар мен жібек, арнайы сыйлықтар мен түрлі ойыншықтар, үй жиһаздары мен күріш, әшекейлер мен тәттілер жіберілетін. Алайда жау тауарының ұдайы келуі ғұндардың ұлттық рухын түсіруі мүмкін еді. Сол себепті Мөде бабамызға кеңесшісінің айтқан ақылы мынадай еді: «Біз азатпыз. Біз үшін құлдықтан қылыштың жүзі артық. Бірақ бізді ненің құл ететінін білемісің? Ғұн баласы қымызын қытай шарабына, үстіндегі қой терісінен жасалған киімін қытай жібегіне ауыстырған сәтте, бізде құл боламыз. Өйткені өзгенің бұйымын өзіңдікінен артық қою — тәуелділік! Осыған мән бер!», — депті. Ғұндар ат үстінде күн кешіп, солай азат қалпы әлемге сансыз ұрпақ таратты. Бірақ біз бүгінде сол кеңесшінің айтқанына қарсы бағытта қызмет етудеміз. Қытайға барлық жағынан тәуелдіміз. Тамақ, киім, жиһаз, бұйым…Өз өнімімізді қашан дамытамыз? Бабалардың айтқанын естен шығармайық!


    Асхат Қасенғали

    arhar.kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Бұрынғы заманда «Ат-тон айып» не үшін төленген?

    Қазақ елінің байырғы заманда да өз заңы болған. Ол «Жеті жарғы» деп аталған. Осы заңнаманы ...