ҰЛЫЛАР ӨМІРІНЕН
Деген екен:

1. Бірде Виктор Гюго Пруссияға барады. Жандарм анкетаны толтырып жатып:
— Қандай қызметпен айналысасыз? — деп сұрады
— Жазамын.
— Сұрағаным, Табыс көзіңіз неде?
— Қаламда.
— Демек солай жазайық: «Гюго. Қалам сатушы».

2. Есепке сенбеген шығар
Ақын, сазгер Елена Әбдіқалықова бірде шығармашылық кездесу барысында, “Бес күн жалған дүние, деп неге айтты екен” деп қалса керек. Сонда залда отырған әріптес ақындардың бірі іле – шала:

– Жарықтық жұмыс күнінен тыс – сенбі, жексенбіні есепке алмаған болар, – деп топты ду күлдіріпті.

3. Дат жазушысы Ганс Христиан Андерсен өзінің сырт келбетіне көп мән беріп қарамайды екен. Ол Копенгагеннің көшелерінде ескі қалпақ пен тозығы жеткен жадағайда жиі серуендейді екен.

Бір күні оны кішкентай бала тоқтатып, сұрайды:
— Айтыңызшы анау басыңызда тұрған көріксіз зат қалпақ па? -дейді.
Жазушы балаға қарап тұрып:
— Ал сіздің сәнді қалпағыңыздың астындағы сүйкімсіз зат бас па? – деп жауап берген екен

4. Бірде Александр Дюмадан танымал сыншының жерлеу рәсімін өткізуіне 5 франк ақша сұрайды:
— Міне он франк алыңыз, алыңыз да — және тағы бір сыншыны жерлеңіздер, деген екен.

5. Бірде дене бітімі арықтау келген Бернард Шоуға бір кісі:
— Сізге қарап, отбасыңызды аштықтан қиналып жатыр екен деп ойлап қалуға болады депті
— Ал сізге қарасам, осы нәубеттің себепкері өзіңіз сияқтысыз.

6. Қажымұқанның қалжыңы
Балуан бір күні келе жатып батпаққа батқан трактордың үстінен шығады. Жұрт жиналып, әуре-сарсаңға түсіп жатыр екен дейді. Қажекеңді көмекке шақырады.
Сонда балуан беліне арқан салады да «Әуп!» деп бір-екі ырғап жіберіп, тракторды суырып алады. Сонан соң белін жазып, маңдай терін сүртіп тұрып:
– Әлі де болса қажыған трактордан Қажымұқан артық екен-ау! – деп кеңк-кеңк күліпті дейді.

7. Бір жасы келген, көріксіз әйелге бір жиында Марк Твен оның әлі де сұлу әрі жас екенін айтып комплимент жасайды.
— Ал мен сізге қарасам жақсы комплимент айтып мақтай алмайды екенмін, — депті ханым.
— Сіз өтірік мақтай салуыңыз керек еді, мен сияқты, — деген екен Марк Твен.

8. Бернард Шоудан бір күні бір әйел:
— Неге құдай әуелі Еркекті, кейін әйелді жаратқан? – деп сұрапты.
— Себебі еркекті жаратып жатқанда, әйелдің ақыл айтып мазалағанын қаламаған шығар

9. Бернард Шоудан бір әйел жақсы жазушы болу үшін қалай жазу керек? – деп сұраған екен. Шоу былай жауап берген екен:
— Солдан оңға қарай.

10. Модный дорба
Ақын Мұзафар Әлімбаев бірде қолына ала дорба ұстап, кітап дүкенінен шығып келе жатса бір қаламгер інісі кездесіп:
– Мұзаға-ау, мына бір дорбаңыз модный ғой, – депті. Сонда Мұзафар:
– Бәрекелді, модный болғаны үшін емес, годный болғаны үшін ұстап жүрген ғой, – деген екен.


Дайындаған: Мадияр МЕҢДІБАЙ,

“Адырна” ұлттық порталы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ