• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » Жайнамазды тепкен бапкерді оқушылары әдейі арандатқан екен

    Жайнамазды тепкен бапкерді оқушылары әдейі арандатқан екен

    Тараздағы жайнамазды тепкен бапкер төңірегіндегі дау басылатын емес. Бүгін осы атышулы видеоның басты кейіпкерлері: екі оқушының ата-анасы болған жайды балалары әдейі ұйымдастырғанын айтып, мұсылман қауымы мен жаттықтырушыдан кешірім сұраған деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Сөйтіп өздері перзенттерін өз еріктерімен интернаттан шығарып әкетіпті.

    Видеокадардағы қос жасөспірімнің бірі Шудан, екіншісі Қаратау қаласынан. Ал ата-анасы ұлдарының намазға жығылғанынан бейхабар. Сондықтан желіге тараған видеоны көріп өздері де аң-таң. Сондай-ақ олар балаларының қулығы үшін қатты қынжылатынын жеткізіп, мұсылман қауымы мен жаттықтырушыдан кешірім сұраған.

    «Балаларының теріс ағымда оқып жатқандығын айтты. Және  дер кезінде жаттықтырушы көріп тоқтатқаны және видео түсіріліп жатқан кезде намаз уақытының болмағандығын үштің кезі екенін мойындап отыр», — дейді Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты директорының орынбасары Ердос Әкімов.

    Оның айтуынша, бір жылдан бері негізгі құрамға іліге алмай жүрген қос шәкіртке соңғы сыннан сүрінсе интернаттан шығу қауіпі төнген. Бұған бапкерді айыптаған жасөспірімдер оны аяқтан шалуды мұқият ұйымдастырған. Екеуі қызу қанды жаттықтырушының теориялық сабағына қатыспай, оның бөлмеге келуін күтіпті.

    Алмат Баетов жасөспірімдердің адасып жүргендерін әу баста байқап, өзгелердің санасын уламауды ескерткен екен. Бірақ оған шәкірттері пысқырып қарамаған. Айта кетейік, жайнамазды теуіп, сәждеге жығылған балаларды бөлмеден желкелеп шығырған бапкердің әрекеті жұрттың ашуын туғызған. Осы шудан кейін жаттықтырушы жұмыстан қуылып, өзі ел алдына шығып кешірім сұраған еді.

    Футболшыларды баптаған Алмат Баетовпен қоса, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да қызметінен кетті. Ал, жайнамаз төңірегіндегі дау мұнымен бітпейтін тәрізді. Себебі болған жайтқа қатысты арнайы топ құрылып, тексеру жүріп жатыр деп жазады Snkz.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы хиджап туралы пікірін жария етті

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ...