• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » Қытай 625 қазақтың Қазақстанға шығуына қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін

    Қытай 625 қазақтың Қазақстанға шығуына қатысты шектеуді алып тастауы мүмкін

    Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының билігі 625 этникалық қазақтың Қазақстанға шығуына салынған шектеуді алып тастау мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада өткен үкімет жиынында Азаттық тілшісінің сауалына жауап беру барысында айтқан.

    «Біз бұған қатысты Қытайлық әріптестерімізбен кеңесу өтіп жатқанын туралы бірнеше рет айттық. Өзім Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездестім. Бірінші орынбасарым Шыңжаңға арнайы миссиямен баып қайтты. Біз өз азаматтарымызға қатысты мәселені Қытай жағымен ашық талқылаймыз және ол туралы азаматтарды уақтылы хабардар етуге тырысамыз» деді Әбдірахманов.

    «Қазіргі күнге дейінгі мәлімет бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен шетелге шығу құжатын рәсімдеу мекемелеріне көмек сұрап жүгінген 19 этникалық қазақтың 14-і босатылды. Олар қос азаматтығы бар болуына байланысты Қазақстанға шығуына тыйым салынған еді. Сонымен қатар, Қытай ресми өкілдерімен жүргізілген кеңесулер нәтижесінде Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы арқылы биыл маусымның басынан бері 1870 этникалық қазақтың Қытай азаматтығынан жеңілдетілген тәртіппен шығу туралы құжаты рәсімделді» деді Қайрат Әбдірахманов.

    Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайы туралы әңгіме көтерілгелі біраз уақыт болды. Қазіргі есеппен онда 1,5 миллион этникалық қазақ тұрады. Тарихшыларымыздың айтуы бойынша, Қытайдағы үш аймақ – Алтай, Іле, Тарбағатай, қазақтардың байырғы мекені. Тек 18 ғасырда Қытай мен Ресейдің шекара бөлісі кезінде Қытай территориясында қалып қойған аймақтар. Қытайдағы қазақтар 1992 жылдан бері Қазақстанға қоныс аудара бастаған. Күні бүгінге дейін 150 мыңдай қазақ атажұртына оралып, Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. Алайда, кейбір ағайындардың Қытайдағы жақсы тірлікті (зейнетақысын, т.б. игіліктерді) қимай ҚР  азаматтығын алмай немесе қос азаматтықпен күнелітп жүрген ағайындардың бас дауға қалып жатыр. Қазір анасы мен баласы Қазақстан азаматы, әкесі Қытай азаматы  немесе керісінше жүрген отбасылар көптеп саналуда. Сөйтіп, екіге жарылған отбасылардың мұңы асқына бастады. Бұл іске Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де араласып, заң аясында шешілуі мүмкін жағдаяттарды қарастырып келеді. Қайрат Әбдірахмановтің бұл жолғы жауабы да соның айғағы. Іс оңынан шешілер деп үміттенеміз.

    Е. Байнұр.

    Қазақ газеттері

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы хиджап туралы пікірін жария етті

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ...