• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » Қырғызстандағы тасқұламадан зардап шеккен туристерді құтқаруға тікұшақ аттанды

    Қырғызстандағы тасқұламадан зардап шеккен туристерді құтқаруға тікұшақ аттанды

    АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Республикалық жедел құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы мінген «Қазавиақұтқару» кәсіпорнының тікұшағы Қырғызстандағы туристерге жәрдем беру үшін аттанды.

    Хан Тәңірі

    Бастапқы мәлімет бойынша, Скрябин мұздығының ауданында теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер таудан құлаған тастар астында қалған.

    Қырғызстан аумағында болған тасқұлама салдарынан Қазақстан мен Ресей туристері зардап шегіпті.

    «Зардап шеккендердің төртеуі – Қазақстан азаматтары. Біреуі қаза тапты. Тағы бірі ауыр хәлде жатыр», — деп хабарлады сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

    Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Заңсыз мешіттер сүрілуі тиіс

    Елімізде мешіт салатын адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан, заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны артып жатыр екен. Шымкент ...