• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » Мәдениет үйіне айналады

    Мәдениет үйіне айналады

    Abai.kz сайтының хабарлауынша:

    «Ақша жымқырды» деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың  жекеменшік коттеджі Ақмола облысындағы Қосшы ауылдық әкімдігіне берілмек.

    Сөйтсек, әлгі ауылда Мәдениет ошағы жоқ екен. Бишімбаевтың дәу үйі енді әкімдікке беріліп, жергілікті басшылар сол кемшіліктің орнын Қуандықтан қалған үймен толтырмақ көрінеді.

    «Бұл біздің ең қымбат нысанымыз болады»,- деп қуанған ауыл әкімдігі бұл жекежайды мәдениет үйіне айналдырмақ. Ал, прокуротура өкілдерінің айтуынша, бұл үй кезінде 60 млн.теңгеге салынған.

    Негізінен, Бишімбаев  бұл үйді аңшылық үшін тұрғызған екен. Ал, нысан оның енесінің атында болған.

    Еске салсақ, экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаев мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Және ол өмір бойы мемлекеттік қызмет істей алмайды

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

    Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп ...