• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Басты тақырып » Сұмдық! Сирияға аттанған қазақ келіншек құлдыққа түсіп қалды

    Сұмдық! Сирияға аттанған қазақ келіншек құлдыққа түсіп қалды

    Жамбыл облысының Қордай ауданы тұрғыны экстремистік жолдағы азаматқа тұрмысқа шығып, 2015 жылы кішкентай сәбиімен бірге Сирияға аттанған. Оның туыстары бір жыл бойы келіншек туралы еш хабар ала алмай отыр.

    Отбасын құрған соң бойжеткен бірден өзгере бастапты. Ол туыстарымен мүлде сөйлеспей, ата-анасымен де сирек әңгімелесетін болған екен.

    Роза (есімі өзгертілген) тұрмысы жақсы отбасында тәрбиеленген. Ол «дефектолог-логопед» мамандығы бойынша жоғары білім алып, екі жыл көлемінде Қаскелеңде жұмыс істеген. Ал университетте оқып жүргенде Алматы қаласындағы әпкесінің үйінде тұрып жүріпті.

    Тұрмысқа ару 2014 жылы 23 жасында шыққан екен. Ал оның Тараздық күйеуі Ғани (есімі өзгертілген) өзінен бір жас қана үлкен болған.

    Розаның жақындары жігітті мүлде танымапты. Олар Ғаниды тек бір-екі рет қана көрген екен.

    Олардың сөзінше, Ғани кәмелеттік жасқа толмаған кезде адам өлтірді деп айыпталып, алты жылға сотталған екен. Алайда, бұл мәліметтерді туыстары көп уақыттан соң ғана естіпті.

    Жас отбасы тойдан кейін Алматыда тұруды жоспарлаған. Сондай-ақ, олар осы уақытта соғыс істері жүріп жатқан аймаққа кетуді мақсат тұтқан көрінеді.

    Туыстары қыздарымен соңғы рет 2015 жылдың 18 тамыз күні сөйлесіпті. Анасы телефонмен олардың жолда кетіп бара жатқандарын естіген екен. Бұл уақытта олар Қырғызстанға кетіп, артынша Туркия мен Сирияға аттаныпты. Одан кейін байланыс тек әлеуметтік желі арқылы болған. Ал уақыт өте желімен де байланысу мүмкін болмай қалыпты.

    «Ол біздің қызымызды алдап алып шықты. Ол үнемі өтірік айтатын», – деді қыздың анасы.

    2018 жылдың наурыз айында желіде Розаның атынан Ғани жазып, қыздарының тұтқында екенін жеткізген. Оны босату үшін 6 мың доллар (2,2 миллион) қажет екенін де айтыпты.

    Оның айтуынша, Сириядағы жарылыстан кейін Ғанидың анасы, Роза мен қызы Туркияға жіберіліпті. Алайда жолда оларды күрттер тұтқынға алып, құлдыққа салып жатқан көрінеді.

    Сыртқы істер министрлігінен қазақстандық қыздың туыстары осы жылдың шілде айында көмек сұраған. Қыздың қазіргі мекен-жайы анық болмаса да, министрлік бұл шағымды қабылдапты.

    Жанұя анасы мен қызын Қазақстанға қайта әкелудің жолдары табыларына сеніп отыр, деп хабарлайды NUR.kz

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Абзал Құспан: БҰҰ-дан Қазақстан билігіне нота жолдауды талап етемін

    4-қазан күні Қазақстан билігі Сайрагүл Сауытбайға «Босқын» мәртебесін беруден бас тартты. Бұл ресми ақпарат. Бұл ...