• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Басты тақырып » Білім және ғылым миниитрлігі ескертті: Мектепте хиджапқа жол жоқ

    Білім және ғылым миниитрлігі ескертті: Мектепте хиджапқа жол жоқ

    Білім және ғылым министрлігі мектептерде хиджабқа тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті.

    Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылы қарсаңында ведомствоның хиджаб киетін оқушыларға қатысты позициясы жайлы айтты.

    «Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ. Балаларды бөлек оқытуға қатысты айтарым, бөлек және діни оқытуды шатастырмаңыздар. Оқыту түрі қандай болмасын, мектеп бағдарламасы бір. Мектептерде кез келген оқу мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары аясында, біз қабылдаған бағдарламалар бойныша жүргізіледі», — деді Сағадиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

    Министр бұл мәселе барлығына қатысты екенін атап өтті.

    «Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деген үміттеміз», — деді ведомство басшысы.

    Дереккөз: el24kz

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы хиджап туралы пікірін жария етті

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектептегі қыздардың орамал тағу мәселесіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ...