Сатқындық жасаған адамдардың қай ісі адамзаттың тарихында құрметті болып еді? Болмақ та емес. Белінен шыққан мутанттар мен шаталарға елінің тағдырын тапсырған қазақ қазіргі уақытта «казахтардан» кейін тұратын елдегі мәртебесіз ұлтқа айналып үлгерген сияқты. Қазақ өз жерінде мемлекет құратын ұлттың өзі болуы керек. Ал, “казахтар” мен “мутанттар” билігі қолында болғаннан соң қазақтың өзіне ұлттық идеологиясын қалыптастырып, елінің қожайыны етуге мүмкіншілік бермей отыр. Бұлай деп айтуыма де себеп болғаннан соң айтып отырмын. Қазақ халқы өзінің тілін, дәстүрі мен ғұрпын, тарихы мен ұлттық құндылықтарын түгендеп, даулап алуға да осы шәбинисттік вирустардың арқасында құлықсыз болып отыр. Бұл шаталардың ширек ғасыр бойы жасап келген қасіреті қазақ ұлтын ұлттық әрі саяси иммунитетінен айырды. Отаршылдық шовинисттік зорлыққұмарлар қазақтың өзінен, яғни белінен шыққан, рухы азған шаталардың қолымен іске асып келді. Әлі де тоқтаусыз іске асып жатыр. Қазақ елінің әлеуметтік те, саяси да, білімі мен ғылымы, денсаулық сақтау т.б. салаларындағы реформалар тек орысқұл мутанттардың ықпалымен ғана жасалып отыр. Осылай жасалып жатқанына да тәуелсіздік алғалы бері 28 жылдың жүзі толды. Бұл шатталардың барлығы да қазақтың табиғатына, болмысына, менталитеті мен жадына жат, тексіздік феномендерін салып, тілін де, ділін де дүбәрә етіп, қазақты өзінің ұлттық жадынан айырды. Ұлттық жадынан айырылған халық өз елінің қожайыны болуға қауқарсыз келед” әрі қолындағы барынан айырылып, рухани азғындаған тобырға айналып кетеді. Қазақтың өз соры өз белінен шыққан шаталардың қолымен жасалып отырғаны, қарусыз жаулау реформаларынан туындап отырғаны өте өкінішті әрі аянышты. Орыс тілі мен мәдениеті бізге орыс шовинизмінің ықпалымен ғана сіңдірілген. Орыстың өзіне жат болған менталитеті өзіне жарап қарық қылмағанда, қазаққа қайдан жарасын? Бұқарасын құлдықтың шылбырына байлап отырған орыстың қаңсығы өзінің сорына жұмыс жасап отырғанда, қазақтың ішінен шыққан белсенді мутанттардың, шалақазақтардың, орысшылдардың оны өзіне ыңғайлы көріп, жанына жастанып, өзіне пайда жаратып отырғаны қазақтың сорына ғана айналды. Қазақты қазақ қылып қалыптастыру үшін ең алдымен орыстың менталитеті мен қаңсығынан, қазақтан шыққан орысшыл шовинисттерден тірлікті бастауымыз керек. Сонда ғана қазаққа айналамыз. Ғылы мен білімді игеріп, өнертабыстың талай түрін жасап іске асырған тұлғалардың басым бөлігі не үшін орысты жатсынып қашып кеткенін білесіз бе? Адамдық ғылымын игерген асыл тектілердің ешбірі де адамзаттың жауы болмақ емес. Адамдық ғылым мен гуманизмді насихаттап, жүрегіне үңілген һәр адам баласы адамзатты қатерлі жағдайға апармақ емес. Шошқасын сойып жеп, арағын құшақтап ұйықтағанмен жылқысын көгендеп, ен даланы жайлаған тектілерді салыстыру да әбестік әрі надандық болар. Орыстың өзіне жат мәдениеті мен менталитеті осы. Өз қағынан өзі жерітеді деген осы. Осы отаршылдық мінездегі шовинисттер қазақ даласына келіп, ғасырлап өзінің отаршылдық пиғылдарын жүзеге асырып, қазақты түп тамырымен құртуға ғана жұмыс жасады. Солардың соңғы нәтижесі «казахтар» мен «мутанттарды» қазақтың белінен шығарып, өзіне айдап салып отыр. Тәңірім жаныңды бекем етіп, рухыңды биік қылып жаратқан екен, қайран Қазағым! Әлі де тайсалмай келе жатырсың.

Асан Қайғы сияқты зарланып отырмыз. Біздің басқа бір нәрсені жарытып істейтін түріміз бар ма? Отанды сату – сол Отанның өте кіші һәм керекті құндылықтарын бас тартудан-ақ басталады. Отанның қандай да болсын ұлттық құндылықтарына кесірін тигізгеннің барлығы да сатқынның қатарына жатады. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асса да еліміздегі қазақ болып туғандардың басым көпшілігі «калбит сраный, говори по-человечески» дегеннен аспай, мыңжылдықтар бойы бабаларының жасаған тарихының алдында да қылмыстарын жасырмай, ашық сатқындыққа көшіп, өздерінің ұл-қыздарының тілін орысша шығарып, «ресми казахтарға» айналды. Олар тілін сатты, дінін сатты, ұлын сатты, қызын сатты, елін сатты, байлығы мен қазынасын сатты, жерін де сатты. Сонда кешегі Тоныкөк, Күлтегіндер, бертінде, Алтын орда мен Ақорданың хандары, Абылай мен кешегі Әлихандар осы «казахтар» үшін тар жол тайғақ кешті ме? Сонда олардың жанкештілігі ұлтының сорына жасалды деп кімнің аузы барып айта алады екен!? Бүгінгі «казахтар» ешқашан да қазаққа жатпайды. Олар орысқа да жатпайды. Қазақ пен орыстың шовинисттік кеңістігіндегі рухсыз аймақты алып жатқан орыстың айтағына етіп, қазақты жат көріп, қағынан жеріген жануарлар ғана. Орыс оларды өзімнің бауырым екен деп бауырына баспақ емес. Өзінің ет жақыны Украина жұртына жасаған зұлымдығы ғана осының мысалы.

Сан ғасыр бойғы отарлықтың нәтижесі «казах» деген «мутантты» қалыптастырды. Орыс Қазақтың қасиетті жерінде барлық иелікті сол мутанттардың қолына тапсырып, өз ықпалын жүргізіп келеді. Біздің барлық билігіміз сол мутанттардың қолында. Бұлардың барлығы да орысқұлдар. Орысқұлдар мүлдем қазаққа жатпайды. Олар 21 ғасырдың жаңа этносы, қазақсың десе түңіледі, қазаққа десең жабырқайды, ешбір ұлтқа жатпайтын шата. Ұлты да жоқ, өзіндік сапасы да жоқ шаталар, қазақ та емес, орыс та емес. Олардың өзіндік ойлау менталитеті болғанымен, дәстүрі, не болмаса ғұрпы мен салты, ұлты мен табиғи болмысы жоқ. Бойындағы барлық құндылықтарынан айырылып, табиғаттың заңдарына қарсы шыққан тексіз бір нәрселер. Сондықтан да бұл мутанттардан сатқындықтың барлық түрін де күте беруге болады. Оларда қазаққа деген бауырмалдық та жоқ, бауырмалдылықты олардан күтпей-ақ та қойыңыз. Оларды қазақтың қаны ғой дегендер қатты қателеседі. “Қазақсың, бауырмыз” деп көкігенің көк тиын. Ол сені бауыр санамайды. Олар сенен біржола алыстаған қандасың. Қандасың деп айтуға да ауызың бармайды екен. Қандас болса қол бұлғағаныңа бір қарап жарар еді ғой. Олар сені ұмытқан. Олар үшін сен «мамбетсің». Қазақ болуға құлқы жоқ. Қазақтың елін де, жерін де өз қаным немесе отаным деп санамайды. Бойындағы ұлтқа тән барлық құндылықтар мен қасиеттер толығымен жойылып кеткен. Демек, олар өз алдына тегі белгісіз этнос десек те болады. Олардың қазақ емес екендігіне дәлел жетіп артылады, қазаққа жатқызуға мүлдем болмайды. Қазаққа қауіпті, өз жеріңде пайда болған этнос. Бұл әбден рухы азған, болмысы тексіз, ата тегі мен тарихынан мүлдем хабарсыз, кім екенін есіне алмайтын, кеше бабалары кім болған, бүгін өзі кім екені, қайдан шыққаны қызықтырмайтын, бір күні үшін ғана жемқорлықпен күнелткен орыстың отаршыларының жасанды жолмен жасап берген шатасы. Сондықтан олардан ұлттың тарихын, тілін, ұлттық құндылықтарды дауламақ түгілі, қазақсың ба деп сұрау да орынсыз. Олар қазір қазақтың сорына ғана жұмыс жасап жатқандар. Ең өкініштісі, олар қазақты басқарып отыр. Барлық күш, барлық қызмет, барлық бизнес пен экономика да солардың қолында. Жемқор да, зұлым да, заржақ та, жағымпаз, жылпос, тойымсыз, сатқын да, билікқұмар мансапқой да солар.


Бекболат ҚАРЖАН, 

“Адырна” ұлттық порталы 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ