• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

    Айдос Сарым Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

    Танымал саясаттанушы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Айдос Сарым ҚР Қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

    Айдос Сарым 1975 жылы 10 қыркүйекте туған. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Ол әр жылдары ҚР Мұрағаттар мен құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, «Ақ жол» партиясының баспасөз-хатшысы, кеңесшісі, «Нағыз Ақ жол» партиясы тең төрағасының кеңесшісі, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

    Айдос Сарым бұл жөнінде өзі мынадай пікір білдірді: «Өткенде қазақ көші туралы үлкен жиын болып еді. Сол жиынды өткізген кезде қазақ көшін жандандыру тұрғысында жол картасын дайындау, қабылдау туралы ортақ шешім қабылданған болатын.
    Соны жүргізу мақсатында, еліміздегі мемлекеттік емес ұйымдар мен министрлік арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, қолдан келгенше дәнекер болуға келіскен едік. Бүгін соның шешімі шықты.
    Бүгіннен бастап Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың штаттан тыс кеңесшісі деген қоғамдық жұмысқа кіріспекшімін.
    Жақсы ой-ұсыныстар болса жұртпен кезігіп, соларды министрлік құзырына жеткізуге әзірмін.
    Бұл жұмыс ешбір осыған дейінгі тірлік пен міндеттемелерге қайшы болмайды деп санаймын. «Жаңа Қазақстан» ұйымындағы жұмысым да жалғаса береді».

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

    Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп ...