• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Home » Айдарлар » Қоғам » Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишов 10 жылға сотталды

    Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишов 10 жылға сотталды

    Атбасар ауданының бұрынғы әкіміне сот үкімі шықты 2018 жылғы 5 қыркүйек 11:32 94 Бөлісіңіз: Атбасар ауданының бұрынғы әкіміне сот үкімі шықты КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында Атбасар ауданының бұрынғы әкімі Андрей Никишов пен оның сыбайластарына сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұқсас жаңалықтар «Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры 700 мың теңге моральдық шығынды өндірді Қызылордада жалған доллар жасағандар сотталды Полиция қызметкерін балағаттаған ақтөбелік қоғамдық жұмысқа тартылды «Сот үкімімен А.Никишов ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2 бөлімшесі, 366-бабы 3 бөлігінің 2,4 бөлімшелері, 58-бабының 1,3,5 бөліктері бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық -атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар, бұрынғы әкім өмірбойына мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айырылды. Оған қоса, ҚР ҚК 49-бабының 2-бөлігі бойынша ҚР Президентіне А.Никишовты мемлекеттік наградасы «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс жасады», – делінген соттың хабарламасында. Сонымен қатар, Атбасар аудандық сот бұрынғы аудан әкімінің сыбайластары К.Әлімжановты 7 жылға, А.Серкебаевты 8 жылға, М.Түркестановты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, Д.Қонышев 18 миллион теңге және Р.Бапхоев 60 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 31 тамызында А.Никишов пен А.Серкебаев Атбасар қаласының қазандықтары мен жылу магистральдарын жөндеу жұмыстарының құжаттарына қол қою және оған ақша аудару үшін «ИшимСтройИнвест» ЖШС-нің директоры Бапхоевтан 4 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде қолға түскен болатын, деп хабарлайды inform.kz.

    Leave a Reply

    x

    Check Also

    Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

    Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп ...