• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
    Басты бет » Айдарлар » Қоғам » Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан

    Астанада 7 мыңнан астам адам гепатит індетіне шалдыққан

    Қамшы.кз сайтыны хабарлауынша: 2017 жылдың статистикалық деректеріне сүйенетін болсақ, Астана қаласында гепатит ауруына шалдыққан 7005 адам тіркелді: оның 95-і бала (әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер) және 6910-ы ересек адам.

    Адам ағзасындағы ең маңызды қызметтердің бірін бауыр атқаратыны белгілі. Бауыр адам ағзасының химиялық зертханасы болып саналады, өйткені қанды тазарту мен улы заттардан арылтуға көмектесетін басты ішкі мүшелердің қатарына жатады. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасуша қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алып, сүзгіден өткізіп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

    Гепатит немесе сары ауру – гепатит вирустары мен инфекциялардан болатын бауырдың өткір және созылмалы қабыну аурулары. Гепатиттің А, В, С, D және E түрлері бары белгілі. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар.

    Гепатит көбінесе симптомсыз өтеді немесе басқа аурулардың симптомдарына ұқсас келетіндіктен диагнозды дер кезінде қою қиын. Сонысымен гепатит қауіпті ауру болып саналады. Асқынуының салдарынан бауыр циррозы, бауыр ісігі, фиброз сияқты қауіпті сырқатқа алып келеді.

    Гепатит вирустары ластанған тағамдар мен су пайдалану, антисанитарлық жағдайда өмір сүру, вирус жұққан қанды құю, босану кезінде жұқтыру, жыныстық қатынас, ағзаға улы заттардың түсуі, жеке гигиена талаптарын сақтамау сияқты түрлі жолдар арқылы беріледі. Ал вирустан қорғанудың ең басты жолы – аурудың алдын алу, яғни жеке тазалықты сақтау, таза ауыз суды тұтыну, қауіпсіз жыныстық байланыс, нашақорлық құралдарды қолданудан бас тарту, косметикалық шараларды арнайы мекемелерде жасату, инъекция үшін бір реттік ине мен шприцті қолдану, қан өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вакцинация жасау.

    -Иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Қазақстанда соңғы 25 жылда жаппай екпе жасау нәтижесінде В гепатитімен ауырған балалар саны 1234,5, ересектер саны 311,5 есе азайған. Қазіргі таңда гепатиттен қорғанудың ең тиімді жолы – екпе салдыру. Бұл ретте мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың, соның ішінде, гепатиттің алдын алуға зор мүмкіндік береді», — деді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

    Оставить комментарий

    Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

    *

    x

    Check Also

    Астанада 30 елдің сарапшылары бас қосады

    Әлемнің 30 елінің сарапшылары мен саясаткерлері жыл сайын өткізілетін «Астана Клубының» 4-ші отырысына қатысады, деп ...